Мақтарал ауданында «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 — білімнің үлесі» атты педагогикалық қызметкерлердің тамыз конференциясы болып өтті. Жиынға аудан әкімі Ғ.Исмаилов, аудан әкімінің орынбасары М.Жолдасбеков, облыстық Білім басқармасының әдістемелік кабинетінің басшысы Н.Қалиева, аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Ә.Байдуллаев қатысты.Аудандық Білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Серік Төребеков 2016-2017 оқу жылының көрсеткіштері бойынша баяндама жасады. «Бүгінгі таңда Мақтарал аудандық Білім бөліміне қарасты 124 мектеп жұмыс істейді. Оның 121-і жалпы, 3-уі негізгі орта мектептер. Осы білім ошақтарында 75 мыңнан астам оқушы тәрбиеленуде. Сондай-ақ, саз мектептері, мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты, балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында 2146 оқушы қосымша білім алуда. 9255 педагог оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізуде» — деді С.Төребеков.Жалпы, аудандық Білім бөлімінің мәліметі бойынша деректерді келтіретін болсақ, ауданда 2007 жылы 118 мектептің 50-і (42,4 %) типтік ғимараттарда орналасқан болса, бүгінгі таңда типтік үлгідегі ғимаратта орналасқан мектептер саны 97-ге (72,2 %) жетіп отыр. Аудан әкімі Ғ.Исмаиловтың тікелей қадағалауымен биыл мектептердің қысқы маусымға дайындық жұмыстары кең ауқымда жүргізіліп жатыр. Мәселен, әкімнің 2017 жылғы 13 маусымдағы «Коммуналдық меншік болып табылатын жалпы орта білім беру ұйымдарының жылыту қазандықтары мен жылу жүйелерін уақытша сенімгерлік басқаруға беру туралы» №534 қаулсы негізінде барлық мектепте гидравикалық сығымдау жүргізіп, анықталған ақауларды қалыпқа келтіру жұмыстары, ақау анықталмаған мектептерге төлқұжат дайындау жұмыстары жасалған. Мектептердің жылыту қазандықтарын табиғи газға ауыстыруға және тозығы жеткен қазандықтарды ауыстыруға жергілікті бюджет есебінен 186 миллион 662 мың теңге бөлінді.
Ұқсас жаңалықтар
Мақтааралдағы мектеп республика бойынша алдыңғы үштіктен көрініп жүр
Мақтаарал ауданы Жетісай қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназиясы «Алтын белгі» саны бойынша рекорттық көрсеткішке қол жеткізіп келеді. Былтырғы оқу жылында мектеп бітірген 70 түлектің 57-сі «Алтын белгі» үміткері болып, оның 40-ы үмітті ақтап […]
Мақтааралда жаңа әліпбиге қызығушылық жоғары
Елбасымыз Н.Назарбаевтың осы жылғы 26 қазанда қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойғаны белгілі. Осыған байланысты аудан әкімдігінде тілтанушылар, түрлі сала басшылары мен қоғамдық ұйымдар жетекшілері қатысқан басқосу өтті. Жиында аудан […]
Сарыағаш пен Мақтаарал аудандарының шаруалары қарбыздарын Ресейге экпорттап жатыр
Сарыағаштық шаруалар аудандағы қарбыз өсіретін Бозай, Жамбыл ауылдық округтеріндегі 720 га егістіктен 170 тонна қарбыздың ерте пісетін сұрыпын жинап, көрші мемлекеттің Магнитогорск және Белорецк қалаларына жөнелтті. Жергілікті қожалық иелері қарбыздың келесі партиясын саудалауға дайындалып жүр. […]
Пікір қалдыру