Мақтарал ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 150 оқушы Астана қаласында өтіп жатқан «EXPO-2017» халықаралық көрмесін тамашалап қайтты. Жетісай қаласының орталық алаңына келіп түскен балалар саяхатта көрген әсерлері туралы журналистермен бөлісті.«Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға қатысты көптеген мәселелерді айтып өтеді. Міне, соның бір бөлшегі ретінде мақтаралдық 150 оқушыны Елордамызда өтіп жатқан «EXPO-2017″ халықаралық көрмесіне саяхаттатып келдік. Еліміздің түрлі жетістіктері туралы айтып, ұшқан құстың қанаты талатын жерімізді көрсетіп, сүйсіндіріп, бойларына кішкентай болса да отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту — іс-шараның басты мақсаты болатын. Жалпы, қолмен ұстап, көзбен көргенге жетпейді ғой, сол сияқты теориялық емес практикалық түрде өздерінің елін, өлкесін танысын деген ізгі ниетпен осы жобаны қолға алдық» — деді аудан әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков.Жалпы, 5 күнге созылған саяхатта оқушылар «Бәйтерек», «ҚР Ұлттық мұражайы», «Думан» ойын-сауық орталықтарына барып, Астана қаласының ең көрікте жерлерін аралады. Балаларын сағынып, оларды құшақ жая қарсы алған ата-аналар аудан әкімі Ғ.Исмаиловқа өз алғыстарын жеткізді. «Болашақтың энергиясы» туралы көптеген мағлұматтарға қанық болған оқушылар көрген-білгендері туралы журналистерге әңгімелеп берді.
Ұқсас жаңалықтар
Отырар ауданы мәслихатының депутаттары «ЭКСПО-2017» көрмесіне аттанды
Бүгін Отырар аудандық мәслихаттың бір топ депутаттары Астанада өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесін арнайы тамашалау үшін сапарға аттанды. Әлемнің жүзден аса мемлекеттері қызу атсалысып жатқан шараны тамашалау мақсатымен жолға шыққан халық қалаулыларына өздерінің ниеттестігін, тілектестігін […]
ОҚО-дан Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесін осы күнге дейін 30 мыңнан астам адам тамашалаған
Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмені Оңтүстік Қазақстан облысынан күн сайын түрлі топтағы азаматтар аттанып, елордадағы әлемдік маңызды шараның куәсі болып жатыр. Бүгінгі күнге дейін 30 мыңнан астам оңтүстікқазақстандық көрмені тамашалап үлгерген. Оның ішінде 2 […]
Мақтааралда журналистер марапатталды
Мақтааралда 28-маусым — Ақпарат және байланыс қызметкерлері күні мерекесіне орай, Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында мерекелік кеш болып өтті.50-ге жуық журналистердің басын қосқан іс-шарада аудан әкімі Ғалым Исмаилов сөз сөйлеп, Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатын […]
Пікір қалдыру