Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевпен Түркі әлемі әдеби журналдары редакторлары кездесуде сөз алған қонақтар Түркі әлемі әдеби журналдары редакторларының VIII-ші конгресінде айтылған ұсыныстар мен қозғалған пікірлер түркі тілдес халықтардың ортақ тарихын интеграциялауға зор ықпалын тигізеді деген сенім білдірді.«Түркістан қаласында керемет басқосу өтті. Жиында Түркі дүниесіне ортақ дүниелер ортаға салынды. Соның бірі ретінде Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі талқыланды. Латын әліпбиіне көшу — сіздердің тілдеріңіз үшін жасалған игі қадам деп білемін. Түркі Елдерінің ақсақалы Н.Назарбаевтың бұл бастамасы дер кезінде көтеріліп отыр», — деді Еуразия Жазушылар Одағының төрағасы Якуб Омероглы.Сонымен қатар, кездесу барысында қонақтар латын тіліне көшу мәселесі туралы ойларын ортаға салып, өз ана тілдерінде бір-бір шумақтан өлең оқып бергенін айта кеткен жөн. Өз кезегінде облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы қонақтарға ризашылығын білдіріп, сый-сияпат көрсетті.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістанда Түркі әлемі әдеби журналдары редакторларының VІІІ конгресі өтті
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының аясында 2017 жылғы 12-13 қыркүйек күндері көне Түркістан қаласында Түркі әлемі әдеби журналдары редакторларының VІІІ конгресі өтті. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы, Еуразия Жазушылар одағының қолдауымен […]
ОҚО әкімі Түркі әлемі әдеби журналдары редакторларымен кездесті
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Түркі әлемі әдеби журналдары редакторларымен кездесті. Қонақтардың арасында «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының Бас хатшысының орынбасары Фырат Пурташ, Еуразия Жазушылар Одағының төрағасы Якуб Омероглы, «Башқұртстан қызы» журналының редакторы Гүлназ Кутуева, […]
Латын графикасына көшу – кешенді мәселе
Парламент Мәжілісінде латын графикасыға көшу мәселесі қарастырылғаннан соң осы мәселе төңірегіндегі жұртшылықтың көптеген сұрақтарына айқын жауаптар табылды. Енді латын графикасына көшудің Еліміз үшін маңызы, оның бағыттары мен кезеңдері, латын графикасы негізіндегі қазақ тілі әліппесінің құрылымы […]
Пікір қалдыру