Оңтүстік Қазақстан облысының жастары бокстан Франция астанасы Прижде өткен әлем чемпионатында 56 келіде ел намысын абыроймен қорғаған Қайрат Ералиев, түстік жастарымен жүздесті. Кездесуді облыстық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған болатын. Жиын барысында әлем чемпионы жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, тұрақты түрде спортпен шұғылдануға кеңес берді. Мұнан өзге Қайрат, жастардың көптеген түрлі сауалдарына жауап берді.Нақтырақ айтқанада, жастарды әлем чемпионының болашаққа жоспары қатты қызықтырды. 26 жасты еңсеріп, 27 ге аяқ басқан Қайрат Токиода олимп шыңын бағындырғысы келетінін бүкпей айтты. Сондай-ақ, Ұлттық құрамадағы командаластары Әбілхан Аманқұл мен Қамшыбек Қоңқабаевқв Париж финалында тәжірбиенің жетіспегендігін жеткізді. Сонымен қатар, бұл әлем біріншілігінде ең күшті қарсыласы өбек боксшысы болғанын да мойындады. Алайда, сол жекпе-жекте барлық күшін салып, жоғарғы техникалық жекпе-жек өткізіп жеңіп шыққанына қуанғанын жеткізді.Ал, жастар жағы Қайраттың жеке өмірі жайлы сауалдар жолдап, тіпті отбасын құру мәселесін де қозғап өтті. Кездесу соңында Қайрат Ералиев, жастарды өмірлік арман, мақсатың үшін күресуге шақырып, жиналған жас жеткіншектерді бокс әліппесімен таныстырды.
Ұқсас жаңалықтар
АРЫСТА БОКСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ
ҚР тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Спорт – әр елдің даңқын шығарып, байрағын биіктететін айтулы бәсеке. Қазақстан – әлемде саяси тұрақты, экономикасы өркендеген іргелі ел ғана емес, халықаралық спорттағы табыстарымен және талантты спортшыларымен танылған мемлекет» […]
Шымкентте бокс мектебі ашылады
Шымкентте бокс мектебі ашылады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімнің баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасына орай пайдалануға берілгелі отырған бокс мектебінің құрылысы аяқталуға таяу. «Солтүстік» шағынауданындағы №5 спорт мектебіне қарасты жаңа ғимаратта […]
«GGG» өзін жеңген боксшының отбасына 25 мың еуро сыйлады
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) Германияның Гифхорн қаласында неміс боксшысы Эдуард Гуткнехтке қолдау білдіруге арналған қайырымдылық кешіне қатысты деп жазады www.inform.kz сайты. Айта кетейік, Эдуард Гуткнехт бас-ми жарақатының ауыр зардабын тартып келеді. Бұл […]
Пікір қалдыру