Оңтүстік Қазақстан облысының диқандары «Құрбан айт» мерекесіне орай Астана қаласындағы 200 әлеуметтік жағдайы төмен отбасы мен 3 арнайы әлеуметтік көмек көрсету мекемесіне тегін қауын-қарбыз таратты. Ондағы мақсат – халықтың әл-жуаз тобына қолдау көрсетіп, оңтүстіктің жерінде өскен тәттілігі тіл үйірер қауын — қарбыздан дәм татқызу екенін айта кеткен жөн. Оның үстіне қашанда қазақы салтын берік ұстанатын түстік жұрты қашанда жетімі мен жесірін жылатпауға тырысады. Тіпті, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қол ұшын беруді де парыз санайды. Сонымен қатар, тізімді диқандарға Астана қаласы әкімдігінің «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі беріпті. Осылайша шаруалар оңтүстікқазақстандықтардың дархандығы мен еңбекқорлығын көрсетіп, исі мұсылмандар үшін ұлық мерекенің қадір, қасиетін арттыра түсті.Айта кетейік, Астана қаласында 2-3 қыркүйек күндері «ЭКСПО — 2017» халықаралық көрмесіне арналған Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі. «Қазақстан» спорт алаңшасында өтетін жәрмеңкеге құны 265 млн. теңге болатын 500 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі ұсынылатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да «Туған жер» бағдарламасы бойынша 80 жоба жүзеге аспақ
Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасы мақаласында айтылғандай, қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру ҚР Президенті әкімшілігі белгілеген жобалық менеджмент тәсілімен жүргізіліп жатыр. Бұл орайда, ұзын сонар жоспар жасау, жобаны жүзеге асыру үшін түрлі мәжілістер, талқылаулар ұйымдастыру […]
ОҚО-дағы «Tectum Enjineering» үш елге шифер экспорттап жатыр
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев шифер шығаратын кәсіпорын — «Tectum Enjineering» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін аралап көрді.Айт кету керек, «Tectum Enjineering» бүгінгі таңда шифер өндіретін алғашқы кәсіпорын. Құрылыс затын шығаратын өндіріс орны «Бизнестің жол […]
Арабтар ОҚО-да қант зауытын салуды ұсынды
Біріккен Араб Әмірлігі Оңтүстік Қазақстан облысында қант зауытын салуды жоспарлап отыр. Арабтар бұл жөнінде біздің тарапқа ұсыныс та тастаған екен. Бұл жөнінде Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Лама Шариф мәлім […]
Пікір қалдыру