Отырар ауданында қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып, онда күн тәртібіне үш мәселе ұсынылды. Бірінші мәселе бойынша аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Асылхан Құдайбергенов арнайы баяндама жасады.Отырар ауданы орталығын абаттандыру мәселесі бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталған басшы орынбасары Жібек жолы даңғылының бойында аудандық бюджет есебінен жалпы ауданы 2730 м2 аяқжолдар мен автотұрақтар және алаңшалар салынса, даңғыл бойындағы жасыл желектерге 740 метр суландыру жүйесі орнатылғанын айта кету керек. Көшенің тазалығын қаматамасыз ету мақсатында 26 қоқыс жәшіктері және адамдар бір мезгіл тынығатын 26 орындықтар орнатылуда. Басты көшенің ажары мен көркін арттыру мақсатында 1 субұрқақ, 16 дана кіші архитектуралық кескіндемелер (құмыра, жүзік, білезік т.б.) және 4 дана ротондалар бой көтермек. Сондай-ақ, 7 дана бетон арықтардан өтетін арнайы өткелдер және 1 ойын алаңшасы санаулы күндерде пайдалануға берілетіндігін жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
Отырарлықтар халықаралық қарттар күнін атап өтті
Бүгін Отырар ауданында 1 қазан — Халықаралық қарттар күніне орай мерекелік іс-шара болып өтті. Аудан өнерпаздарының сахналық көрінісімен бастау алған шарада аудан әкімі Ерлан Айтаханов қазыналы қарттарымызды төл мерекелерімен шын жүректен құттықтады. Аудан басшысы өз […]
Түркияның судьялары мен прокурорлары Отырар ауданында қонақта болды
Отырар ауданында бауырлас Түркия Республикасының Жоғарғы сот төрағасы Исмаил Рюштю Джирит бастаған делегация келді. Оның құрамында Түркия Жоғары кассациялық сотының Бас республикалық прокуроры Мехмет Акарджа, Түркияның Әділет министрінің орынбасары Шабан Йылмаз, сондай-ақ түрлі деңгейдегі судьялар, […]
Отырарда есепте болмаған 80 жуық жер телімі тіркеуден өтті
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ә.Жүнісовтің төрағалығымен кезекті аппарат жиыны өтті. Жиында аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Р.Бекқұлы аудандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізудің іс-шаралары бойынша баяндама жасады. Баяндамада айтылғандай Отырар ауданы […]
Пікір қалдыру