Отырарда есепте болмаған 80 жуық жер телімі тіркеуден өтті

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ә.Жүнісовтің төрағалығымен кезекті аппарат жиыны өтті. Жиында аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Р.Бекқұлы аудандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізудің іс-шаралары бойынша баяндама жасады. Баяндамада айтылғандай Отырар ауданы бойынша халқы екі мыңнан асатын 11 ауыл округінде 9109 жер телімі болса, оның ішінде әділет органында тіркелмеген 243-і анықталған. Осы мәселе бойынша ауданнан жұмысшы топ құрылып, нәтижесінде 2017 жылдың 20 маусымға дейін 76 жер телімі тіркелген.
Сондай-ақ, автокөліктер бойынша салық төлемегендері 2876-ны құраса, одан тіркеуден алу керек деп тапқаны 776 болып отыр. Осы жайттарды баяндаған Р.Бекқұлы аудандағы автокөліктерді түгендеу, олардың жарамсыздарын есептен шығару жұмыстарының кешеуілдеп жатқанын айтты.
Жиын барысында ОҚО ІІД Бәйдібек АІІБ ауданаралық тіркеу-емтихан тобының аға инспекторы, полиция майоры Сүйерқұлов Асқар Нышанбайұлы автокөліктерді тіркеуден алу жұмыстарын ұйымдастыру және тіркеуден алу үшін атқарылуы тиіс шаралар туралы мәлімдеді.
Жиынға қатысушылар полиция майоры Асқар Нышанбайұлына жан-жақты сауалдар қойып, көкейдегі сауалдарына тұщымды жауап алды.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Ә.Жүнісов сала басшылары мен ауыл округтері әкімдеріне айтылған мәселелер бойынша тапсырмалар беріп, жұмыстың орындалу барысы қадағаланатынын ескертті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*