«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі қызметкерлері ОҚО Білім басқармасына қарасты «Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжі» МКҚК-да өткізілген «Жаһандағы замануи қазақстандық мәдениет» тақырыбындағы аймақтық семинар жұмысына қатысты. Семинар жұмысы барысында «Өлкетану» базалық бағыты бойынша «Халық – тарих толқынында» ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақ мақсаты жастардың бойында өзінің туған жерінің құндылықтарын насихаттау арқылы отансүйгіштікке, өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін ояту болды.Ашық сабақ барысында ғылыми бөлім қызметкері А.Үркімбаева семинарға қатысушыларға қорық-музейдің Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы атқарылып жатқан іс-шаралар жайлы мәлімет берді. «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және археология» бөлімінің инспекторы Ж.Әбсадық Түркістан өңірінде орналасқан 200-ден аса тарихи-мәдени ескерткіштер жайлы баяндама жасады. Ал, қор сақтау бөлімінің ғылыми қызметкері Т.Жолдасов музей қорындағы нумизматикалық жәдігерлердің өлке тарихын зерттеудегі алар орны жайлы сыр шертті. Музей экскурсоводы Т.Оразов ашық сабаққа көрнекі құрал ретінде мұражай қорының этнографиялық және нумизматикалық жәдігерлерінен жасақталған көрмемен таныстырды.
Ұқсас жаңалықтар
ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Түркістан қалалық мәслихатының депуттатарымен кездесті
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Байділда Жылқышиев Түркістан қалалық мәслихатының депутаттарымен кездесті. Басқосуда мәжіліс депутаты Парламент қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйіне тоқталып бір сессия көлемінде 111 заң жобасының түскенін жеткізді. Сонымен бірге, Елбасының халыққа арнаған «Қазақстанның […]
ОҚО-да халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі басталды
«Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы мен «ЭКСПО 2017» Халықаралық көрмесі аясында ағымдағы жылдың 6-9 маусымы аралығында Түркістан — Шымкент қалаларында өтетін «Ортеке» V Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалінің ашылу салтанаты өтті.Мәдени шарада Оңтүстік Қазақстан […]
Түркістанда 5 қабатты 8 үй ел игілігіне берілді
Түркістан қаласында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында салынған 5 қабатты 8 үй ел игілігіне тапсырылды. Бұл күні баспана кезегінде тұрған әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасылар мен мүгедектер және жалғыз басты аналар сынды 480 отбасы баспаналы болды.Жаңадан […]
Пікір қалдыру