Кешеден бері ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Оңтүстік Қазақстан облысында іс-сапармен жүр. Осыған орай, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова да, үкімет мүшесі ретінде Шымкентке келген болатын. Министр ханым, ұшақтан түскен бойда Шымкент қаласы әкімдігінің «Халыққ әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің табалдырығын аттады. Өйткені, мұнда бүгінде псхоневрологиялық ауытқулары бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған 32 бала ем қабылдап жатыр. Аңғарғанымыз Тамара Дүйсенованы нақ сол мүмкіндігі шектеулі балалардың жағдайы толғандырады екен. Себебі, ол орталықтағы сенсорлық кабинетке бас сұғып, қол созып, саусақтарын қимылдатып, ойыншықтар мен суреттердегі түрлі-түстерді ажыратып, атауға жарап қалған балаларды көріп қатты қуанды. Мамандардың айтуынша, балалар мұнда алғаш келгенде жағдайлары мүлде мүшкіл болған екен.Айта кету керек, «Халыққ әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ем алып жатқа 10 баланың псхоневрологиялық ауытқулары болса, қалған 22-нің тірек-қимыл аппараты бұзылған. Ондағы мамандар емделушілерді жас ерекшеліктеріне қарай 4 топқа бөліпті. Орталықта сенсорлық кабинеттен бөлек, тренажорлық кабинет, массаж кабинеті, бактеориялогикалық ванна бөлмесі,7 жатын бөлмесі бар. онымен қатар, 7 жатын бөлмесі бар.
Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте әлеуметтік салаларға қосымша қаржы бөлінді
Алтыншы шақырылған Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс XXIII сессиясы өтті. Депутат Ерболат Нұрмаханов төрағалық еткен сессия жұмысында екі мәселе қаралды.Қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова 2017-2019 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджетін нақтылау мәселесі бойынша баяндама жасады. […]
ЖИТС-ТІҢ АЛДЫН АЛУ: ШЫМКЕНТ ҮЗДІК ҮШТІККЕ ЕНДІ
Бұл жөнінде Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков өзінің әлжелідегі парақшасында жазды. «Басрақмаға қарасты ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы АИТВ-ның алдын алу, күту және емдеу бойынша халықтың негізгі топтары […]
Шымкент: Індетпен күресте көз жұмған 9 медицина қызметкері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Кәсіби міндеттерін атқара жүріп ауру жұқтырып қайтыс болған шымкенттік 9 медицина қызметкерінің отбасына мемлекеттік наградалары табысталды. Қала әкімі Мұрат Әйтенов әрқайсысының шаңырағына барып, көңіл айтып, туыстарына мемлекеттік ордендерді табыс етті. Өмірінің соңына дейін мамандығына адалдық […]
Пікір қалдыру