Сарабдал саясаткер, көреген көшбасшы Елбасының Жарлығымен «Еңбек күнін» мерекелеу 2013 жылы белгіленген еді. Жыл сайынғы үрдіске айналған дәстүрлі мерекенің басты мақсаты — жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру, жұмысшы кәсібін насихаттау. Осы бағытта қасиетті жұма күні Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен мерекелік жиын өтті. «Үшқоңыр» мейрамханасында қолға алынған шараға еңбек ардагерлері, зейнеткер ұстаздар мен билік басшылары, ұйым мүшелері, БАҚ өкілдері және жас мамандар, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты. Қыркүйек айының соңғы жексенбісіндегі еңбек күнімен қоса, қазан айының алғашқы аптасындағы қарттар мерекесін атап өту арқылы еңбек адамдарына құрметті арттырып, қариялардың мерейін үстем ету мақсатында өткізілген ісшарада ардагерлерге «Құрмет» гүлі ортаға кіргізіліп, облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Замира Сабекқызы және қала әкімінің орынбасары Ғани Құрмашұлы алғашқы сөзді алып, барша еңбеккерлерді төл мерекелерімен құттықтады.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістандықтар жүлдегер балуанын күтіп алды
Түркістан жұртшылығы дзюдодан Хорватия астанасы Загреб қаласында өткен жастар арасындағы Әлем чемпионатында қола медалды жеңіп алған жерлестері Дидар Хамзаны салтанатты жағдайда қарсы алды. Жергілікті жанкүйерлерлер тапынан жүлдегерге темір жол вокзалында ерекше құрмет көрсетілді.Ә.Нұрмаханов атындағы облыстық […]
Түркістандық 60 отбасы Солтүстік өңірге көшуге ниетті
Елбасы Жолдауындағы еңбек нарығын дамыту бойынша қолға алынған бағдарлама аясында түркістандық 60-тан астам отбасы Солтүстік өңірге қоныс аударуға ниет білдіріп отыр.Жұмыс күші мол облыстардан жұмыс күші тапшы аймақтарға жұмысшы тобын тарту мақсатында жуырда солтүстік өңірден […]
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ — УАҚЫТ ТАЛАБЫ
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісу қажеттігін және болашақта барлық саладағы іс қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін нақтылап […]
Пікір қалдыру