ЕҢБЕК МЕРЕКЕСІ – ЕЛДІҢ БЕРЕКЕСІ

Сарабдал саясаткер, көреген көшбасшы Елбасының Жарлығымен «Еңбек күнін» мерекелеу 2013 жылы белгіленген еді. Жыл сайынғы үрдіске айналған дәстүрлі мерекенің басты мақсаты — жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру, жұмысшы кәсібін насихаттау. Осы бағытта қасиетті жұма күні Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен мерекелік жиын өтті. «Үшқоңыр» мейрамханасында қолға алынған шараға еңбек ардагерлері, зейнеткер ұстаздар мен билік басшылары, ұйым мүшелері, БАҚ өкілдері және жас мамандар, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты. Қыркүйек айының соңғы жексенбісіндегі еңбек күнімен қоса, қазан айының алғашқы аптасындағы қарттар мерекесін атап өту арқылы еңбек адамдарына құрметті арттырып, қариялардың мерейін үстем ету мақсатында өткізілген ісшарада ардагерлерге «Құрмет» гүлі ортаға кіргізіліп, облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Замира Сабекқызы және қала әкімінің орынбасары Ғани Құрмашұлы алғашқы сөзді алып, барша еңбеккерлерді төл мерекелерімен құттықтады. 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*