ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев – Қазыбек би ауылдық округіне қарасты «Ә.Оспанов» елді мекеніндегі тік дренаждың жұмысымен танысты. 57,6 метр тереңдікте орналасқан нысан 2013 жылы іске қосылған. Тоқтап тұрғандағы су өлшемі 1 метр болса, жұмыс істеп тұрғандағы су өлшемі 12 метрді құрайды. Аманкелді подстанциясынан энергия алатын тік дренаж «ЭЦВ-12-210-15» атты насосбен жұмыс істейді. Жалпы, ауданда 731 тік дренаж болса, оның 300-і республикалық меншікте. Республикалық меншіктегі тік дренаждардың 260-ы жұмыс жасайды. Жалпы, Мақтарал ауданында тік дренаждар мен коллекторлық жүйелер толықтай қалпына келетін болса, жердің тұздану мәселесі шешіліп, топырағының құнарлығы бірнеше есе жоғарылайтын болады.Мұнан соң, облыс әкімі Мақтарал ауылдық округіндегі «Жарқын» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. 92,2 гектар жерді жаратып жатқан қожалық 12 адамды жұмыспен қамтыған. Орташа жалақылары 47 000 теңге. 2017 жылы 72,2 гектарға күріш, 15 гектарға мақта дақылы егілген. Сондай-ақ, Ж.Түймебаев дәл осы ауылдық округтегі «Бағдат» шаруа қожалығындағы мақта жинау науқанына куә болды. Жер көлемі 287,5 гектарды құрайтын қожалық биыл 187,5 гектарға мақта дақылын еккен. 36 адам жұмыспен қамтылған және 30-ға жуық техникалары бар. Осылардың арқасында биыл мол өнім алып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі қоғамдық қабылдауда тұрғындардың мәселесін тыңдады
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы Жансейіт Түймебаев партия филиалының бас ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді. Өңір тұрғындары ауылдық жердегі электр бағаналарының ескіргенін, медициналық сақтандыру жүйесі жөнінде сөз болды. Сонымен қатар, әйелдер […]
Мақтааралдық кісіпкер өз аулына қақпа салды
Мақтарал ауданы Жаңажол ауылдық округіне қарасты Өргебас ауылында «Есен» шаруа қожалығының демеушілігімен қақпа тұрғызылды. Бүгінде жергілікті жəне Республикалық арналар мен ақпараттық агенттіктер, газеттер жарыса жазып жатқан М-39 «Ташкент-Термез» бағытындағы халықаралық транзит дәлізінің бойында орналасқан ауыл […]
Мақтааралда асабалар қауымдастығы құрылды
«Той-халықтың қазынасы» дейміз-ау. Алайда, бүгінде осы тойға базынасы бар ағалар көбейді. Себебі, бұрынғы ша ұлан асыр той жасаймыз деп, қазақтың салтына сай келмейтін бей әдеп әрекеттер мен ысырапқа жол беріліп жатыр. Осыған орай, кешегі аптада […]
Пікір қалдыру