Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы, Сайрамдағы Ханқорған төбесінің маңында тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру бойынша өтетін алқалы жиығда келген археолог ғалымдар мен сәулетшілерге, ақсақалдарға Түркістанның даму коцепциясын көрсетті. Өңір басшысының айтуынша, киелі Түркістан шаһары айналасында тарихи-ескерткіштерден құралған туристтік аймақ құрылмақ.«Болашақта Түркістан аймағы құрылады. Атап айтқанда Түркістанның төменгі жағында Арыстанбаб, мына жағында Отырар, тау жақта Үкаш ата, жоғарғы жағында Сауран, бір жағында Оқсыз. Сонда осы бес үлкен тарихи ескерткіш болған қалашықтардың ортасында Түркістан болады. Осында келген туристер айналып жүре береді».Яғни, оңтүстіктегі тарихи орындарды тамашалауға келген туристер жүріп өтетін арнайы маршруттар сызылып жатыр. Болашақта сол жол бойындағы көне қалашықтарды қайта қалпын келтіріп, ашық аспан астындағы музейге айналдыру көзделіп отыр. Тіпті, археологтар қазба жұмыстарын жүргізіп, табылған жәдігерлермен бұл қалашықтардың құндылығын арттыру да көзделіп отыр.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі ақын, халық жазушысы Мұхтар Шахановпен кездесті
Биыл ақын, аудармашы, қоғам қайраткері Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Шаханов 75 жасқа толып отыр. Осы даталы мерекеге орай Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ақынмен арнайы кездесіп, мерейлі мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар, кездесу барысында өңір […]
ОҚО-да алғаш рет «AGROFEST-2017» ауыл шаруашылығы фестивалі өтті
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында алғашқы рет «AGROFEST-2017» ауыл шаруашылығы фестивалі өтті. Аграрлы аймақтың шаруалары мемлекеттің қолдауы мен тынымсыз еңбектің арқасында биыл егіс науқанын жақсы көрсеткішпен аяқтады. Мерекелік шараға ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері, еңбек озаттары, кәсіпкерлер, халық […]
Қазығұртта Нұқ пайғамбардың кемесі іспеттес ғимарат салынады
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына сай, өңірдегі тарихи орындарды дамыту жоспарымен таныстырды. Облыстағы туристерге қызықты тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі ол Қазығұрт тауы болмақ. «Қазығұрттағы төбенің басына Нұқ пайғамбардың кемесі […]
Пікір қалдыру