Оразкүл Асанғазықызы оңтүстік жастарымен кездесті

Оңтүстік Қазақстан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің үлкен залында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты, қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызымен «Әлемді мойындату – рухани жаңғырудан басталады» атты жастармен кездесуі өтті.Ұйымдастырушы: Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі.Елбасымыз: «Мен Қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек.» -деп атап өткен болатын.

Президентіміздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жастар арасында насихаттап, жүзеге асыру мақсатында өткен кездесуде жастармен еркін сұхбат жүріп, көкейдегі көптеген сұрақтар мен пікірлер айтылып, арнайы жыр-шумақтары арналды.

Шараға облысымыздың жастар ұйымдарының өкілдері мен белсенді жастар, арнайы қонақтар қатысты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*