Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы қалыпты алма баудың әр гектарынан 20-30 тонна өнім алынып жатқанын айта кеткен жөн. Сонымен қатар, қарқынды баудан 40-50 тоннаға дейін өнім жинауға болады. Сондықтан бүгінгі таңда мемлекет қарқынды баумен айналысам дегендерге қолдау көрсетіп жатыр. Мұнан бөлек, қарқынды баудың әр гектарына сапасына қарай 1 миллионнан 2,8 млн ға дейін субсидия берілетінін айта кету керек.Сондай-ақ, білсеңіздер отырғызылған жемістің әрбір көшетіне 135 теңге субсидия қаралған. Ал, жай баудан тек алманың апорт сұрыпына ғана субсидия беріледі. Оның да өзіндік талаптары бар. Өйткені, мұндай бау теңіз дегейінен 900 метр биіктікте болуы шарт. Сонымен қатар егіс көлемі 5 гектардан кем болмауы тиіс. Ал оның әр гектарына 549 мың теңгеден бастап субсидия алуға болады. Бүгінгі күнде облыс бойынша жалпы жеміс-жидектің егіс көлемі 14,4 мың гектарды құрайды. Ағымдағы жылы 108 мың тонна жеміс (2016 ж — 91.3 мың тн) жиналған.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да Шымкент агломерациясын дамытуға басымдық берілетін болады
Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы аумағы 1573,5 мың гектарды құрайтын Шымкент агломерациясын дамытуға басымдық берілетін болады. Ондағы негізгі мақсат – қала аумағындағы елді мекендердің әлеуметтік, экономикалық, инфрақұрылымдық мәселелері шешу екенін айта кеткен жөн. Бүгін бұл туралы Оңтүстік […]
ОҚО-ның мемлекеттік қызметкерлері Түркияда іс-тәжірбиеден өтпек
Шымкентте «23 — маусым Мемлекеттік қызметшілер күніне» арналған салтанатты шара өтті. Онда облыс әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдегі барша мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтап, еліміздің өсіп, өркендеу жолында толағай табыстар тіледі. Салтанатты жиында мемлекеттік қызмет саласында көп […]
ОҚО-да «Қазпошта» АҚ мен ХҚКО бірлесіп дайын құжатты үйге жеткізу қызметін көрсете бастады
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры Еркебұлан Әлсейітовтың айтуынша, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жылдың басынан бірнеше жаңа пилоттық жобаны іске қосқан. Оның мақсаты — қызмет алушының уақытын үнемдеуге бағытталып отыр. Мәселен, пилоттық жоба негізінде: […]
Пікір қалдыру