ОҚО-да «Қазпошта» АҚ мен ХҚКО бірлесіп дайын құжатты үйге жеткізу қызметін көрсете бастады

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры Еркебұлан Әлсейітовтың айтуынша, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жылдың басынан бірнеше жаңа пилоттық жобаны іске қосқан.  Оның мақсаты — қызмет алушының уақытын үнемдеуге бағытталып отыр. Мәселен, пилоттық жоба негізінде: жер учаскесінің кадастрлық құнын анықтауға және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге, сондай-ақ бала тууды тіркеу мен соттылықтың болып-болмауы туралы анықтама алуға мүмкіндік туатынын айта кеткен жөн.

Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға да мемлекеттік қызмет түрлерін көрсету жұмыстары жалғасын тауып келеді. Мәселен, 1 және 2-топ мүгедектігі бар адамдар мемлекеттік қызметтерді үйлерінде алып отыр.

Сонымен қатар, қазіргі таңда «Қазпошта» АҚ облыстық филиалы ХҚКО-мен бірлесіп, дайын құжатты үйге жеткізу қызметін көрсете бастады. Енді фронт офистері жоқ елді мекен тұрғындары аудан орталықтарына бармай және мобильді ХҚКО қызметкерлерін күтпей-ақ, 70-тен астам мемлекеттік қызметті ала алады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*