Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында 19 қазан – Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар қызметінің құрылған күніне орай, ОҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне 35 жаңа өрт сөндіру көлігі тапсырылды.Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев барша сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, өрт сөндіру қызметкерлеріне көлік кілтін салтанатты түрде табыстап, қызметтік міндеттерін мінсіз атқарған бірқатар азаматтарды марапаттады.«Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер еліміздің қауіпсіздігін, төтенше жағдайларда адамдардың өмірі мен мүлігін қорғап, азаматтарға әрқашанда жәрдем беріп келуде. Биыл Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының құрылғанына 22 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері облыс және республика көлемінде орын алған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға өз үлестерін қосты. Осындай ерлік пен еңбектеріңіздің арқасында «Қазақстандық құтқарушы» мәртебесіне ие болған баршаларыңызды бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық және қызметте жетістік пен табысқа жетулеріңізге тілектеспін»,-деді әкім.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында 26 мал бордақылау алаңын салу жоспарланып отыр
Жалпы Түркістан облысында 8 мал бордақылау алаңы жұмыс істейді. 2027 жылға дейін қосымша сиымдылығы 105,0 мың бастық 26 жаңа мал бордақылау алаңдарын салу жоспарланып отыр. Бордақылау алаңдарын бұқашықтармен қамтамасыз ету үшін бүгінде 2 413 шаруашылық […]
ОҚО-да бірқатар басқармалардың басшылары ауыстырылды
Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабына сәйкес бірқатар басқармаларда ротациялау тәртібімен ауыс-түйіс орын алды.Оңтүстік Қазақстан облысы еңбек инспекциясы бойынша басқармасының басшысы – Оңтүстік Қазақстан облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторы […]
ТҮРКІСТАНҒА МИЛЛИОНЫНШЫ ТУРИСТ КЕЛДІ
Бүгін Түркістан қаласына 1 миллионыншы турист келді. Америка құрама штаттарының Солтүстік Королина штатынан келген ерлі-зайыпты Уильям және Барбара Брэнчтерді Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Ясауи кесенесі алдында күтіп алды. Елімізге алғаш келіп отырған Уильям Брэнч Америка […]
Пікір қалдыру