Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдаудың арқасында ауыл шаруашылығы саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізіліп отыр. Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбековтың айтуынша, ағымдағы жылдың 9 айында өңір шаруалары 376,5 млрд. теңгенің өнімін өндірген. Оның 172 млрд теңгесі мал шаруашылығына, ал 203,5 млрд теңгесі егін шаруашылығына тиесілі болып отыр. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда 57 млрд. теңгеге артқан. Республика көлемінде ауыл шаруашылығы саласында облыстың үлесі 13 пайызды құрап, 2-орынды иемденіп отыр.«Облысымызда ауыл шаруашылығына тартылған инвестициялардың көлемі 23,7 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,2 есеге артты. Оның ішінде тамақ өнімдерін өндірудегі инвестиция көлемі 9,3 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 2,6 есеге ұлғайып отыр. Сондай-ақ биыл өңірдегі ауыл шаруашылығы экспортының көлемі 211,4 млн. АҚШ долларына жетті. Ал, импорт көлемі 320 млн. АҚШ долларын құрады», — деді Серік Ордабекұлы.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да ауылдық округтердің дербес бюджеті талқыланған республикалық форум өтті
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында «Жергілікті өзін өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу» тақырыбында республикалық форум өз жұмысын бастады. Форум жұмысына облыс әкімі Ж.Түймебаев, Ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұлов, ҚР Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов, БҰҰДБ Қазақстандағы тұрақты […]
ОҚО-да 1 миллион 446 мың нәзік жанды бар
Бұл жөнінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев, 8 наурыз «Халықаралық әйелдер күніне» орай Шымкент қаласындағы қарттар үйіндегі әйел азаматтарды мерекесімен құттықтап барғанда мәлімдеді. Іс-шара барысында өңір басшысы әйелдерге қамқорлық жасау, көп балалы аналарға әлеуметтік қолдау […]
ОҚО-да ЭКСПО-2017 көрмесіне атсалысқан ерікті жастар марапатталды
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков Астана қаласында өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне облысымыздан қатысқан ерікті жастармен кездесті. Сонымен қатар, кездесу барысында Ұласбек Сәдібекұлы көрменің жоғары деңгейде өткізілуіне өз үлестерін қосқан ерікті жастарға облыс […]
Пікір қалдыру