Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында алғашқы рет «AGROFEST-2017» ауыл шаруашылығы фестивалі өтті. Аграрлы аймақтың шаруалары мемлекеттің қолдауы мен тынымсыз еңбектің арқасында биыл егіс науқанын жақсы көрсеткішпен аяқтады. Мерекелік шараға ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері, еңбек озаттары, кәсіпкерлер, халық қалаулылары мен сала мамандары бастаған жалпы 8 мыңға жуық адам қатысқанын айта кету керек.Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бастаған фестиваль қонақтары алдымен ауыл шаруашылығы саласының жетістіктерін айшықтайтын көрмемен танысып шықты. Сонымен қатар, көрмеде халықтың назарына ауыл шаруашылығы өнімдері, асыл тұқымды төрт түлік малдың түрлері мен озық техникалар ұсынылғанын да айт кеткен жөн. Фестиваль аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде облыстың барлық аудандарынан жиналған жалпы көлемі 182 тонна табиғи таза өнімдерді нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан бағамен жұрт назарына ұсынылды. Сондай-ақ шара барысында Ж. Түймебаев жыл бойына тынымсыз еңбек еткен ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, аталған салада белсенділік танытып, үздік көрсеткішке қол жеткізген шаруалар мен аудандарды марапаттады.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 180 мыңға жуықтады
Бүгінгі таңда, Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 178,7 мың бірлікті құраса, бұларға жұмыспен қамтылғандар саны 331,5 мың адамды құрады. Ал осы жылғы қаңтар-наурызда шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілерінің […]
ОҚО-да «Қазпошта» АҚ мен ХҚКО бірлесіп дайын құжатты үйге жеткізу қызметін көрсете бастады
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры Еркебұлан Әлсейітовтың айтуынша, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жылдың басынан бірнеше жаңа пилоттық жобаны іске қосқан. Оның мақсаты — қызмет алушының уақытын үнемдеуге бағытталып отыр. Мәселен, пилоттық жоба негізінде: […]
Қазығұрт асуына EXPO-2017 белгісі орнатылды
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қазығұрт асуында 75 метр биіктікте EXPO-2017 логотипі орнатылды. Әр қанаты 10 метрді құрайтын логотип ЭКСПО- 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін насихаттау мақсатында орнатылып отыр.EXPO-2017 логотипі — жаңартылатын энергияларды – күн энергиясы, теңіз толқындарын, […]
Пікір қалдыру