Төлеби ауданы Көксәйек ауылындағы №9 колледжде Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Жиынға облыстық аналар кеңесінің төрайымы Балқия Көмекбаева, Леңгір қалалық әжелер алқасының төрайымы Күлбазар Есенова, репродуктивтік денсаулық саласы бойынша педагог Гүлжан Айберова және аудандық Аналар кеңесінің мүшелері, педагогтар мен оқу орнының студенттері қатысты.Сонымен қатар, басқосуда ұрпақ тәрбиесі мен отбасын сақтауда аналардың жауапкершілігі кеңінен сөз болғанын айта кету керек. Сонымен қатар, жастар арасындағы суицид, балаларға қатысты зорлық-зомбылық, отбасындағы агрессивті мінез-құлық сынды қоғамдағы өзекті мәселелер қаралып, оның алдын алу жайы талқыланды. Отырыс барысында психолог-педагог Гүлжан Қасымбекқызы «Өтпелі жастағы жастар: репродуктивтік денсаулық бойынша құқықтары» атты тақырыпта тренинг өткізіп, жастармен еркін пікір алмасты. Жиынды қорытындылаған колледж директоры Болат Жанәбіл тәрбиелік мәні зор жиынды ұйымдастырушыларға мен қонақтарға алғысын білдірді
Ұқсас жаңалықтар
Сайрамда 43 нысан мен 57 шақырым жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Сайрамдағы 43 нысан немесе 57 шақырым жол мен 1 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстарын аяқтау 2017 жылдың еншісіне тиесілі . Биыл, сондай-ақ, аудандағы 93,5 шақырым жолға (6 нысан) құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу де жоспарланып […]
Оңтүстікте медияция ісін ілгерілетуге арналған семинар өтті
ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Медиация – қоғамды бітістірудегі басты күш!» тақырыбында өңіраралық семинар өтті. Семинарға Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ қызметкерлері, судьялар, прокурорлар, ОҚО ІІД қызметкерлері, облыстық адвокаттар алқасының, облыстық нотариаттық палатасының […]
ОҚО: Сайрамда 700 тоннадан астам сүт өнімдері өндірілді
Тамақ өнеркәсібі ауданның тұрақты экономикалық дамуында аса маңызды орын алады. Азық-түлік өнімдерінің өндірісі өңдеу өнеркәсібінің ең қарқынды дамып отырған секторы болып табылады.Осыны ескерген Сайрам ауданының әкімдігі тамақ өнеркәсібін дамыту мақсатында жүйелі жұмыстар атқарды. Нәтижесінде 2017 […]
Пікір қалдыру