Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Батырхан Құрмансейіттің айтуынша, оңтүстікте өтетін «Ontustik Tourism. Invest 2017» атты фестиваль Алматы қаласында бастау алып, Жамбыл облысында жалғасын тауып отыр. Одан кейін Оңтүстік Қазақстан облысында аяқталатын болады. Форумның негізгі мақсаты – өңіріміздегі туристік саланың дамуындағы өзекті мәселелер туралы пікір алмасу. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру, инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасау екенін айта кету керек.Айта кететіні, форумға қытай елінің туристік ұйымдары аса қызығушылық танытып отыр. Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысына биылғы жылдың 6 айдың қорытындысы бойынша 128 мың турист келген екен. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 55 пайызға артып отыр. Яғни, өңір қонақтарының саны жыл санап көбейіп келеді. Басқосу нәтижесінде шет елдік компаниялармен бірқатар меморандумдарға қол қойылатын болады. Жалпы форум өңірдің туристік және инвестициялық имиджін қалыптастыруға оң әсерін тигізбек.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да жыл соңына дейін жөндеу жұмыстарынан өткен 18 көпір пайдалануға беріледі
Оңтүстік Қазақстан облысында жыл соңына дейін 18 көпір тиісті жөндеуден өтіп, ел игілігіне беріледі деп күтіліп отыр. Атапа айтқанда, бүгінгі таңда 13 жол өткелі күрделі жөндеу көріп жатса, 5 көпір орташа жөндеу жұмыстары өтіп жатқанын айта кеткен жөн.Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандарының мәліметінше, аталған нысандар толығымен пайдалануға берілгенде бұл жағдай, өңірдегі жөндеуді қажет ететін көпірлер санының 101-ге […]
ОҚО-ға Дүниежүзілік банктің өкілі үш күндік жұмыс сапарымен келді
Оңтүстік Қазақстан облысына үш күндік жұмыс сапарымен келген мәртебелі мейман, Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Ато Браун өңірде атқарылып жатқан ілкімді істермен танысып шыққанын айтып, Шымкент қаласын аралау кезінде оның қарқынды дамып келе жатқанына көз жеткізгенін […]
ОҚО-да биыл 200 мыңнан астам жерге бидай егілген
Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында биыл 218 мың гектар бидай егілген. Одан 401 мың тонна астық жиналмақ. Мәселен, бір ғана Қазығұрт ауданында 38 мың гектар алқапқа арпа-бидай егіліпті. Диқандар гектарына 25,4 центнерден өнім жинады.«Өкінішке орай, облысымызда […]
Пікір қалдыру