Отырарды «Елін сүйген Елбасы» мерекелік шарасы өтті

Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған ауқымды мерекелік іс-шара өтті. Жиынға келген көпшілік Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолынан толық ақпарат беретін көрмені тамашалап, тұлға хақындағы мол мағлұматтармен қанықты. Елбасымыздың ел игілігі жолындағы қызмет барысынан көріністер қамтылған арнайы бейнефильм ұсынылып, көрермендерге тамаша әсер қалдырды.

Бар әлемге шын танылдық міне біз, 
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан — Нұрсұлтан,
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше,
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!-деген өлең жолдарынан кейін мерекелік шара салтанатты түрде ашылып, Әнұранымыз шырқалды. Мерекелік шарада аудан әкімі Ерлан Айтаханов пен аудандық мәслихаттың хатшысы Мырзахан Манаповтар аудан халқын мерейлі мерекемен құттықтады. 1991 жылы 1 желтоқсанда ел тарихында тұңғыш рет өткен Президент сайлауында Н.Ә.Назарбаев Президент болып сайланғаны баршаңызға мәлім.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*