Түркістан-Созақ жолының құрылысына қазынадан 330 миллион бөлінген

Қзірде Созақ ауданы көлемінде 964,8 шақырым автомобиль жолдары бар. Оның 434,9 шақырымы облыстық маңызы бар жолдар болса, 72,1 шақырымы аудандық маңызы бар жолдар, 457,8 шықырымы елді мекендердің ішкі жолдары. Аудан көлеміндегі асфальтталған жолдардың үлесі 209,4 шақырымды құрайды.

2017 жылы аудандық маңызы бар 5 шақырым Қарабұлақ-Балдысу автомобиль жолын жөндеуге 226 млн. қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары басталды. Жұмыстар қараша айында аяқталады. Сонымен қатар, Шолаққорған ауылындағы 7,1 шақырым Түркістан-Созақ автомобиль жолын салуға 330 млн. қаржы қаралып, бүгінгі таңда 6 шақырымының құрылыс аяқталды. Облыстық және аудандық бюджеттен бөлінген 268 629,0 мың теңгеге жалпы қашықтығы 35,2 шақырымды құрайтын 23 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 2017 жылы 64,6%, 2021 жылы 83,4%-ға жеткізілетін болады.

Шолаққорған ауылының орталығындағы С.Қожанов көшесі бойына және А.Сүлейменов жалпы орта мектебіне баратын аяқ жол салу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, «Айшуақ», Балауса балабақшаларына және А.Байтұрсынов мектебіне баратын көшелер бойына аяқ жолдар салуға мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталып, мердігерлермен келісім шарт жасалды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*