Созақ ауданында «жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша 109 азамат несие алуға ниет білдірген

Теріскейде  «жаппай кәсіпкерлікті дамыту» шеңберінде 1 қыркүйекке дейін жеке ісін ұйымдастыру және кеңейтуге 60 адамшеңберінде 1 қыркүйекке дейін жеке ісін ұйымдастыру және кеңейтуге 60 адам 158,8 млн. теңгеге (жоспар 100 адам – 308 млн. мың теңге) шағын несие алған. Жыл соңына дейін жоспарды 100 пайыз орындау да көзделіп отыр. Сонымен қатар, аталмыш бағдарлама бойынша 2016 жылы несиеленген азаматтар тарапынан қосымша 56 жаңа жұмыс орындары ашылған. Бүгінгі таңда шағын несиенің орташа мөлшері 2,7 млн. теңгені құрады. Ал, 2017 жылға несие алуға 109 азаматтың тізімі Ауылшаруашылық бөліміне ұсынылып жатыр.

— «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ОҚФ-на 43 азамат;

— «Ырыс» МҚҰ-на 26 азамат;

— «Созақ несие» ЖШС-не 4 азамат, барлығы 73 адам жолдамамен қамтылды.

«Созақ несие» ЖШС арқылы 2 адам 7,46 млн.теңге;

«Ырыс» МҚҰ арқылы 23 адам 50,1 млн.теңге шағын несиемен қамтылды.

«Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ОҚФ арқылы 35 адам 101,3 млн. теңге несиемен қамтылып, барлығы бүгінгі күнге 60 адам 158,8 млн. теңге шағын несие берілді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*