Созақта «кәсіби білім беру және кәсіптік оқыту» бағдарламасы жүзеге асуда

Созақ ауданында «кәсіби білім беру және кәсіптік оқыту» бағдарламасын жүзеге асыру қарқынды жүріп жатыр. «Кәсіптік оқытуға» 236 адамды оқыту көзделуде, оның ішінде:

— 2,5 жыл мерзімде техникалық және кәсіптік біліммен 106 адамның тізімі аудандық комиссияда қаралып, оқуға жолданатыны бекітілді. Аудандық білім бөлімі ағымдағы жылдың 1-ші қыркүйегіне жолдамамен толық қамтыды.

Бүгінгі таңға техникалық және кәсіби білімі бар кадрларды даярлауға үміткерлердің тізімін қалыптастыру бойынша мобильдік топ құрылды, оқуға жолдауға үміткерлер тізімін қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде.

— қысқа мерзімдік курстар бойынша еңбек нарығында сұранысқа ие 230 жұмысшы кадрлар қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жоспарланған. Осыған орай, енбек рыногының сұранысына сәйкес мамандарға қажеттілікті анықтау жұмыстары білім бөлімі және аудандық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесе жүргізіліп, аудандық комиссияда 230 азамат оқуға жолданатыны бекітілді.

жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді оқыту бойынша №24 колледжге 14 адам (электр газымен дәнекерлеуші — 10, электр монтері — 4), «Лидер-Про» колледжіне 185 адам, «Дидар» ЖШС-не 31 адам қысқа мерзімді оқуға жолданды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*