Теріскейде 9 айда 1216 бала туылған

9 айдың ішінде Созақ ауданында 1216 бала туылды. Ал, 5 жасқа дейінгі бала өлімінен 12 жағдайы тіркеліп, 2016 жылғы кезеңмен (7 өлім жағдайы) салыстырғанда 5 жағдайға көбейіп отыр. Ана өлімі тіркелген жоқ.

Мұнан бөлек, жұқпалы ауруларға келетін болсақ, сары аурумен 2016 жылы 1 адам тіркелсе, ағымдағы жылдың 9 айында тіркелмеген. Өкінішке орай, арып ауруымен 8 науқас, туберкулез ауруы бойынша 11 адам тіркеліп отыр.

Айта кету керек, бүгінде Созақ ауданының денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелердің бірі кадр тапшылығы болып отыр.  Осыған орай,  «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша қаладан мамандар шақыртылып жатыр. Биылғы жылдың 9 айындажалпы 6 маман келген. Оның 3-і аудандық емханаға және 3-і орталық ауруханаға жұмысқа орналасты.

Аудандық емхана мен орталық аурухана бойынша медициналық құрал жабдықтармен қамтамасыз ету көрсеткіші 56,7%-ды құрайды. Барлық медициналық құрал жабдықтар жұмыс жасап тұр. Келешекте құрал жабдықтармен қамтасыз етуді 70%-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*