Еуропалық мамандар Шымкент зообағына қызығушылық танытып отыр

Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында «Астананың 20 жылдығына — 20 нысан» акциясы аясында Шымкент зообағының алғашқы кезеңі аяқталып, «Африка» зоологиялық аймағы пайдалануға берілді. Салтанатты жиынға арнайы қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қала тұрғындары мен қонақтарын айтулы шарамен құттықтап, жаңадан ашылған нысанды аралап көрді.cуреттерді түсірген Самат Мырзалиев

«Елімізде жалпы 3 зоосаябақ болса, соның бірі біздің облыста орналасқан. Осы нысанды жаңғырту мақсатында былтыр зообақта қайта құру жұмыстары басталған болатын. Мердігерлер өзіне тапсырылған міндетті орындап, жұмысты жоспар бойынша аяқтап отыр. Біздің бақтың өзге зообақтардан ерекшелігі қайта құрудан соң пайдалануға берілген «Африка» контингентіндегі павильондар ашық табиғи ортаға бейімделген. Мереке немесе демалыс күндерінде зообаққа келетін тұрғындар саны аз емес. Енді бүгінгі «Африка» аймағы ашылған соң қыдырушылар саны бұрынғыдан да көбейеді деп сенеміз!», – деді Жансейіт Қансейітұлы.Сондай-ақ, өңір басшысы Елордамыз – Астана қаласының 20 жылдығына Шымкент қаласының миллион тұрғындары атынан Астана қаласына жануардың 20 түрін сыйға тартатынын атап өтті.
Елордаға Шымкенттен арыстан, Амур жолбарысы, пума, қоңыр аю секілді жыртқыштар мен кезқұйрық, тілеміш, тазқара, үкі құстары және басқа да жануарлар тарту етілмек.Жалпы «Африка» зоологиялық аймақтық құрылыс жұмысы өткен жылдың сәуір айында басталған. Жобаның құны 627 114 мың теңгені құрайды.Айта кетейік, Шымкент зообағы 1980 жылы құрылған. Зообақтың мақсаты — сирек кездесетін және жойылып жатқан жан-жануарларды сақтап, оларды көбейту. Құрылған кезде зообақта 75 түрлі аң болса, бүгінде 249 түрлі 2 565 жануарға жетіп отыр.«Шымкент зообағын жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңмен жүретін болады. Қазір ашылған «Африка» аймағынан кейін «терариум» ашылмақ. Мұнан өзге зообақтың сол жақтауынан суда жүретін аңдар үшін көл салу жоспарланып жатыр. Әрмен қарай, аңдардың тұрақ жайын жаңартатын боламыз. Жақында Мәскеуден ЕВРАЗА зообақтар қауымдастығының президенті келді. Біз оларды өз ісінің нағыз маманы, сарапшы ретінде шақырып жатырмыз. Одан бөлек еуропалық зообақтармен де байланысқа шығып келіссөздер жүргізу үстіндеміз. Яғни, біз бір-бірімізден үйреніп тәжірбие алмасып жатырмыз. Оларда бары бізде жоқ, бізде барды олар көріп біліп жатыр. Еселі еңбңгіміз өз нәтежиесін де беруде. Өткен жылдың өзінде Шымкент зообағына 426 мың адам келсе, биылғы жылдың 3 айында 60 мыңнан астам қонақ болып кетті. 2020-2021 жылдарға қарай келушілердің санын миллионға жеткізсек деген мақсатымыз бар»-дейді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай.

                                                                                                                                                                                                    

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*