Қазығұрт ауданындағы мектеп-интернат 20 млн.теңге грантқа қол жеткізді

Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев, аймағымыздағы 5 ардагер ұстаз бен 20 мұғалім облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады. Ал Қазығұрт ауданы, Ж.Қаппаров атындағы №5 облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының ұжымына құны 20 млн. теңге болатын «Орта білім беретін үздік ұйымы» гранты табысталды.

         Мерекелік жүздесуде бірқатар ардагер ұстаздар мінберге шығып, педагогтар қауымын кәсіби мерекемен құттықтады.

         Жалпы, соңғы жылдары облыс оқушыларының білімге деген ынтасы артып келеді. Биылдың өзінде дарынды оқушыларымыз халықаралық және республикалық деңгейдегі 100 – ден астам білім сайыстарында жүлдегер атанды.

Өңіріміз соңғы үш жылда математика және жаратылыстану бағытындағы пәндерден республикалық олимпиадаларда  «Ең үздік олимпиадалық командасы» атағы мен ІІ, ІІІ жүлделі орындарды иеленуде.

         Республикалық олимпиада және ғылыми жобалар қорытындысы бойынша білім ұйымдарының жыл сайын 100-дігі анықталып, марапатталады. Биыл солардың қатарына облысымыздың төрт орта білім беру ұйымы еніп отыр. Атап айтсақ, олар — Түркістан қаласы, Н.Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназиясы мен Кентау қаласындағы «Яссауи» және «Иқан» жалпы орта мектептері.

         Бүгінгі күні, Түркістан облысында жұмысқа қабылдау jumys.sitcen.kz порталы арқылы электронды түрде жүргізілуде. Осы жаңа форматта қабылдау жүйесі әрі қарай жалғастырылып, ашық, жариялы түрде іске асырылады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*