Ж.ТҮЙМЕБАЕВ ТҮРКІСТАНДЫҚТАРДЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНАМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ ТАПСЫРДЫ

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның Оңтүстік филиалы ди⁠ректоры Құдайберген Сейтмамбетовпен кездесті. Жүздесуде «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының бағыттарының бірі — кредиттік тұрғын үй құрылысын дамыту мәселелері қаралып, қолжетімді баспана мәселесін шешу жағдайлары сөз болды.
Аталған банктің өңіріміздегі жетекшісі саладағы атқарылған бірқатар жұмыстардың барысын баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Атап айтқанда, бүгінгі таңда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның Оңтүстік филиалы «Баспана» мекемесімен қол қою шараларын жүргізуде. 2018 жылдың 1 желтоқсаннан бастап банк ұжымы Елбасы бекіткен «7-20-25» бағдарламасы бойынша тиісті жұмыстарды іске асыра бастайды.Сонымен бірге, басқосуда Қ.Сейтмамбетов әкімге облыс тұрғындары үшін өте тиімді де, ыңғайлы болатын ұсынысын жеткізді. Алғашқы салымсыз-ақ, баспаналы болуға болатын жобада қарапайым халықтың жағдайы ескерілген. Мұнан бөлек, әкімдік тарапынан тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде қолдау көрсетуді сұрады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*