«BI Group» компаниясы Түркістандағы Конгресс орталықты 1 жарым жылда салуды көздеп отыр

Елбасы тапсырмасына сай, «BI Group» компаниясы өкілдері жаңа әкімшілік іскерлік орталықта облыстық әкімдік пен аумақтық мекемелер ғимараттарының және Конгресс орталықтың құрылысын жүргізетін болады. Орталықта форум, саммит, концерт залдар орналасады екен. Аталмыш компания мамандарының айтуынша, құрылысы басталса, аталған барлық нысандар 1 жарым жылдың ішінде толық аяқталмақ.
Осыған орай, облыс әкімі Ж.Түймебаев инвестициялық жобаларды іске асыруға инвесторлар мен әкімдік арасында бірлескен жұмыс жоспарын әзірлеп, жұмыс тобын құруға тапсырма берді.

«Әкімшілік іскерлік орталықта жаңа облыстық әкімдік, басқармалар мен департаменттер және конгресс орталық пен «Риксос» қонақ үйі ғимараттарының құрылысы қатар жүретін болады. Жұмысшылар 3 ауысыммен жұмыс істейді. Барлық ғимараттардың жоспарын толық әзірлеп, қазірден құрылысты бастау керек», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Ал «Саутс-Ойл» компаниясы 120 бөлмелік 5 жұлдызды қонақ үйдің сәулет жоспарлау эскиздерін таныстырды. Қонақ үй бөлмелері стандартты, люкс орындарынан бастап, ең жоғарғы үлгіде жабдықталған жайлы бөлмелермен, мейрамхана және концерт залымен қамтылмақ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*