Төлебиде ауыз су мәселесі шешімін тауып келеді

Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков, Тағайна елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысының жұмысын көрді. 2018 жылдың мамыр айында бастау алған жұмыс 1539 тұрғыны бар елді мекенді таза ауыз сумен қамтамасыз ету мүмкіншілігін берді.
Зағамбар елді мекенін ауызсумен қамтамасыз ету құрылысын көрген аудан басшысы Төлеби аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Оспановқа 4899 тұрғыны бар 873 тұрғын үйді мерзімінде толық таза ауыз сумен қамтамасыз етуін тапсырды.

Сонымен қатар, «Балмұздақ» ЖШС-нің шокаладты глазурь және шоколад өңдейтін цехінің жұмысын көрді.
«Балмұздақ» ЖШС — і шоколад өңдейтін цехін желтоқсан айында іске қосып, отандық өнім «Perfetto» сауда белгісімен шоколад өндіру жұмысын бастамақ. «Балмұздақ» ЖШС -нің атқарушы директоры Кан Евгений Юриевич жыл соңына он екі шокалад түрінен үш шоколад түрін дайындай алатынын және алдағы уақытта шоколад өнімін шығаратын жаңа технологиялы қондырғылар сатып алып, инвестиция көлемін 1 млн евроға тарта алатынын атап өтті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*