Шымкент қаласында «Біз біргеміз» акциясы аясында мыңға жуық отбасыға көмек көрсетілді. Бүгін Шымкентте «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында «Nur Otan» партиясының белсенді мүшелерінің демеушілігімен қайырымдылық шарасы өткізілді. Бұл акция Қасиетті Рамазан айындағы Ораза айт мерекесі қарсаңында халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын қолдау мақсатында өткізіліп отырғанын айтады ұйымдастырушылар. Ізгі ниеттен туған бұл бастаманың шеңберінде Шымкент қаласында тұратын мыңға жуық мұқтаж отбасыға азық-түлік жиынтықтары табысталды. Көмекке шын мұқтаж жандардың тізімін жасауға қаладағы төрт аудан әкімдіктері мұрындық болған. Әкімдіктер тарапынан жасақталған аз қамтылған отбасылар тізімі бойынша азық түлік себеті таратылған. Бұл тізімде көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар, жалғыз басты зейнеткерлер де бар. Мұқтаж жандарға көмекті «Nur Оtan» партиясы белсенділері мен «Jas Otan» жастар қанатының жастары және еріктілер сақтану шараларын ұстана отырып, «байланыссыз» тәсілмен жеткізіп берді. Алдағы уақытта да мұндай қайырымдылық шаралары жалғасатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте жаңа автобус маршруты қосылады
Соңғы жылдары облыс орталығы Шымкент қаласына 40 елдімекен қосылып, қала шетіндегі шағын аудандарға қоғамдық көліктердің қатынау қиындағаны сөзсіз. Осы орайда, сол аудандардың тұрғындары бала-шағасын балабақша, мектептерге апарарда қиналатындарын, жұмысқа уақытылы жете алмай жүргендерін айтып шағымданған […]
ҚҰТҚАРУШЫЛАР ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 155 БАЛАНЫ ОҚЫС ОҚИҒАДАН ҚҰТҚАРҒАН
Елімізде 19 қазан – құтқарушылар күні. Соған байланысты Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Бекзат Қамбаров құтқарушылардың атқарған жұмысы туралы баяндап, жетістіктері мен халық үшін атқарған қызметі жайлы айтты. […]
ҚАЛА ӘКІМІ ЖАҢА ӘУЕЖАЙ ТЕРМИНАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ БАРЫСЫН БАҚЫЛАДЫ
Мегаполисқа айналғалы Шымкенттің көрікті жерлері мен әсем ғимараттарының саны артып келеді. Тек әсемдік үшін ғана емес, халықтың оң игілігіне жарайтын зәулім сәулеттер бой көтеруде. Солардың бірі жаңа әуежай терминалы. Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков құрылысы […]
Пікір қалдыру