Шымкентте жұмыс орындарына адам жетіспейді

Шымкентте ақша бар, жұмыс істейтін адам жоқ. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының Саяси Бюросының отырысында Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов айтты. «Мемлекет басшысының қолдауымен «Жұмыспен қамтудың жол картасы» асында 1 триллион теңге бөлінді. Бұрын ақша жоқ деп айтатын, енді ақша бар, бірақ жұмыс істейтін адам жоқ. Парадокс! Жұмысты тездет деп талап етсең жұмыс қолының жетіспеушілігін айтады. 10 мың жұмыс орнына адам қажет деп хабарландыру берілген,»- деді Шымкент қаласының әкімі, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Мұрат Әйтенов.
Шымкент әкімі қала көшелеріндегі жөндеу жұмыстарынан жолдар жабылып, жүру қиындап кетті дегендерге де жауап берді. «Жұмыс істелмесе, істемеді дейсіздер… жұмыс істегендерге тағы уәж айтасыздар. Не істеу керек?! Дәл қазір жол жөндеу жұмыстарының қызған маусымы.​ Жол жөндеу, бордюр мен веложол жасау үшін 45 миллиардқа жуық теңге бөлінген. Дер шағында қажетті жөндеу жұмыстары аяқталуы қажет. Сәл шыдап, түсіністікпен қараңыздар,»- деді қала әкімі. Айта кету керек, жиын онлайн форматта өтті.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*