АУЫЛ ӘКІМДЕРІ БІЛІКТІЛІГІН ЖЕТІЛДІРЕТІН БОЛДЫ

«АМАНАТ» партиясы Саяси менеджмент академиясы ауыл және ауылдық округ әкімдерін оқыту бағдарламасын бастады. Оның бірінші кезеңінде 500-ден астам ауыл әкімі халықтың экономикалық белсенділігін арттыру саласындағы біліктілігін жетілдіру курстарынан өтіп жатыр.

Бұл туралы «АМАНАТ» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов бейнеконференция байланысы арқылы баяндады.

13-22 маусым аралығында Ақмола, Ақтөбе және Қызылорда облыстарының 535 ауыл әкімі оқыту семинарына қаты сып жатыр. Бұл сандар жыл соңына дейін өзгеретін болады. Яғни, біліктілігін арттыратындардың саны екі мыңнан асады деп жоспарлануда.

Оқыту барысында қатысушылар маркетингтік талдау жүргізуді және ауыл экономикасын көтерудің перспективалық бағыттарын анықтауды үйренеді. Ауылда тімді бизнес-жобаларды жасау дағдыларын іс жүзінде пысықтауға баса назар аударылады.

Семинарға қатысушылар алдында сөз сөйлеген «АМАНАТ» партиясының Атқарушы хатшысы партия әсіресе, ауылдық жерлерде халықтың табысын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударып отырғаны атап өтті.

 

Бақыт Қыдырбаев

Шымкент қаласы мәслихатындағы

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*