ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ӨНДІРІС ОРНЫ АШЫЛДЫ

Қала күні мерекесі қарсаңызда Шымкентте жаңа өндіріс орны ашылды. «Тассай» индустриялық аймағында орналасқан «Экофарм» өндіріс  қорғаныс киімдері мен медициналық мақсаттағы бұйымдар шығарады.

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, мәслихат депутаты ретінде шаһарымызға келген дәл осындай жобаларды қос қолдап қолдаймын. Себебі, экономика саласында алға қарай жылжу, бәсекелестікті күшейтеді. Ал, бәсеке болған жерде сапаның болатыны белгілі. Сондықтан дәл осындай жобалардың саны арту қажет

Жаңа мекеменің салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысты. Ол өз сөзінде Шымкенттің республикалық маңызы бар қала статусын алған 4 жыл мерзімінде қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы артып, инвестиция тарту бойынша республикадағы үздік қалалар қатарында екендігін айтып өтті.

3,4 млрд. теңгені құрайтын инвестициялық жоба «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Тассай» индустриалды аймағынан 1,25 гектар жер телімін ұзақ мерзімге жалға алып, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында «Даму» қоры арқылы субсидияланған.

Жаңадан ашылған бұл өндірісте 150 адам жұмыспен қамтылды. Заманауи технологиялармен жабдықталған мекеменің жылына 600 мың дана қорғаныш киімінің 17 түрін, 500 мың дана медициналық киім, 20 миллион дана медициналық маска мен респиратор, 1 миллион дана медициналық көзілдірік шығаруға мүмкіндігі бар.

Шымкент қаласының мәслихат депутаты, «AMANAT»  партиясы фракциясының мүшесі, қалалық филиалдың Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Қожамжарова Дариякүл Пернешқызы

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*