Аманаттықтар Әлеуметтік кодекс жобасына бірқатар ұсыныс енгізді

Әлеуметтік кодексті әзірлеу барысы «AMANAT» партиясы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында талқыланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік кодекс әзірлеуді тапсырып, бұл заң осы маңызды саланың өзекті мәселелеріне кешенді жауап беретінін айтқан болатын.

Кодекс азаматтардың әлеуметтік құқықтары мен міндеттері туралы бірыңғай білім көзін құруға, мемлекеттің, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің әлеуметтік саладағы міндеттемелері мен жауапкершілігін бекітуге мүмкіндік береді деп күтілуде.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, Кодекстің негізгі құрылымы әзірленген, ал қазір қоғамдық ұйымдардың, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар құжаттың жекелеген ережелерін қызу талқылаудан өткізіп жатыр. Атап айтқанда, «Отбасының цифрлық картасын» құру көзделіп отыр. Онда барлық отбасын экономикалық, тұрғын үй және әлеуметтік жағдайлары, сондай-ақ денсаулық жағдайы мен білім деңгейіне қарай: әл-ауқатты, қанағаттанарлық, тұрмысы нашар, дағдарыс жағдайында және шұғыл көмекті қажет ететін отбасылар деген бес санатқа бөлінеді.

Өз кезегінде Кеңес мүшесі, «Бақытты Шаңырақ» қорының басшысы Ботагөз Сұлтанова Кодекс жобасына бірқатар толықтыру ұсынды. Атап айтқанда, ол аутистік спектрдің аурулары бар балаларға міндетті түрде санаториялық-курорттық емдеуді ұсыну туралы бастама көтерді. Ол сондай-ақ ментальды бұзылыстары бар балаларға инватакси қызметтерін көрсетуді, мемлекет қаражаты есебінен мінез-құлықты қолданбалы талдау мамандарын оқытуды және 18 жасқа толғаннан кейін ақыл-есі кем 2-топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасау бойынша жәрдемақы енгізуді ұсынды.

 

Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі, қалалық филиалдың Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Қожамжарова Дариякүл Пернешқызы

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*