Мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау мәселесі «AMANAT» жанындағы Кеңесте талқыланды

«AMANAT» партиясы жанындағы Білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында мектепке дейінгі білім беруді дамыту проблемалары мен даму перспективалары талқыланды.

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринованың айтуынша, партияның сайлауалды уәделерін іске асыру аясында Нұр-Сұлтан қаласында мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландыруды енгізу бойынша пилоттық жоба жүргізілуде.

Кеңес мүшесі, «Қара шаңырақ» РҚБ төрағасы Баян Ахатай мысалы, дәріхана лицензиясыз ашылып, жұмыс істей алмаса, онда балабақша неге қалай болса солай ашылуы тиіс деген ойын ортаға салды.

Өз кезегінде кеңес мүшесі, «OYNA» балалық шақ институты» ҚБ төрағасы Гауһар Киикова мектепке дейінгі білім беру сапасын зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Сонымен, ең көп кездесетін проблемалардың бірі: пәндік-кеңістіктік ортаның жеткіліксіз жабдықталуы (ойыншықтар аз), оқу жоспарларында ойындарға бос уақыт қарастырылмаған, көбінесе гигиена ережелері, сондай-ақ қауіпсіздік стандарттары сақталмайды.

Айта кету керек, қазіргі уақытта елімізде 11 мыңнан астам мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оларда шамамен 1 млн. бала тәрбиеленуде. Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар желісі 5834 бірлікті құрайды, оларға 500 мыңға жуық бала барады. Ал 5205 жекеменшік ұйымға 450 мың бала барады. Өткен жылы «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында еліміз бойынша 45,2 мың орындық 534 мектепке дейінгі ұйым ашылды.

Сондай-ақ, жиын барысында партия Хатшысы Эльдар Жұмағазиев Кеңестің жаңа төрағасын таныстырды. «AMANAT» Саяси кеңесі Бюросының шешімімен Кеңеске Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Жұлдыз Сүлейменова төрағалық етеді.

Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі, қалалық филиалдың Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Қожамжарова Дариякүл Пернешқызы

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*