ШЫМКЕНТТІК РОБОТОТЕХНИК ОҚУШЫЛАР ҮЗДІК АТАНДЫ

Нұр-Сұлтан қаласында 2022 жылғы World Robot Olympiad аясында өткен робототехника бойынша республикалық чемпионаттың қорытындысы шықты. «Менің роботым – менің досым» атауымен өткен ұлттық олимпиадада жас робототехниктер төрт санат бойынша бақ сынасты: Future Engineers, RoboMission, Future Innovators және RoboSports.

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі ретінде балалар жылында өткізілген әрбір жаңа іс шараны бағамдап отырамын.  Биыл балалар жылы. Болашықтың тірегі, қолдаушысы мен жолдаусылары да осы- бүгінгі ұрпақ. Сондықтан қолынан іс келетін, техниканың дамыған заманында технологияға қызығушылығы бар жастардың қашанда жолын ашып отыру — біздің міндет. Аталған жобада өңіріміздің балалары жоғары дәреже көрсетуі қуантарлық жайт.

Өңірлік жарыстардың нәтижелері бойынша аталмыш байқауға Шымкент қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Сартаев Санжар мен Тайжанов Нурбек қатысып, RoboMission (Junior) тобы санаты бойынша жүлделі ІІ орын иегері атанды.
Олар Robomission санаты бойынша (Junior) тобы, яғни 14-15 жастағы жеткіншектермен жарысқа түсті. Сайыста командалар күнделікті өмірде адамға қамқорлық танытып, құтқара алатын немесе қызмет көрсететін роботтарды құрастырды.
Сонлай-ақ Шымкент қаласынан ұлттық чемпионатта Шымкент IT-мектеп лицейінің жас робототехниктері Нұрасыл Есбол мен Мейіржан Жақсылық бақ сынады. Олар жасап шығарған бионикалық қол протездерінің басты ерекшелігі – жасанды интеллект негізінде әзірленген қолғап арқылы иілу датчигі мен саусақ қимылдарын қайталау жүйесі кондырылған.

Робототехника мен жасанды интеллект күн сайын әлемді өзгертуде. 2022 жылғы байқаудың басты мақсаты – роботтардың адамзатқа қалай қызмет ете алатындығы және осы ынтымақтастықты қалай қауіпсіз етуге болатындығына байланысты.
Биылғы чемпионатқа өңірлік кезеңдердің нәтижесі бойынша әр аймақтан 109 үздік команда жолдама жеңіп алды.
Чемпионат жеңімпаздары ендігі кезекте оқу жаттықтыру жиыны жазғы мектебіне қатысып, олимпиаданың халықаралық кезеңіне дайындықты бастайды. WRO-2022 чемпионатының халықаралық кезеңі 2022 жылдың 17-19 қарашада Германияның Дортмунд қаласында өтеді деп жоспарланған.

Бақыт Қыдырбаев

Шымкент қаласы мәслихатындағы

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*