«AMANAT» партиясы жастар қанатының Съезі бастау алды

Бүгін Ақмола облысының Зеренді ауылында «AMANAT» партиясы жастар қанатының кезектен тыс VI Съезінің ашылу салтанаты өтті.

Патриотизмді, жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру, жас қазақстандықтардың әлеуетін арттыру. Осы және өзге де мәселелер туралы «AMANAT» партиясы жастар қанатының кезектен тыс VI съезінің ашылу салтанатында айтылды.

Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев атап өткендей, Қазақстанның барлық өңірінен келген делегаттар тек жастар қанатының қызметін жақсарту бойынша ғана емес, сонымен қатар жалпы мемлекеттің дамуы үшін қажет экономикалық, әлеуметтік, мәдени сипаттағы идеяларды ұсына алады.

Съезд жұмысының бірінші күні делегаттар үшін 5 бағыт бойынша білім беру тренингтері ұйымдастырылды: «Жаңа Қазақстан: Жастар және жаңғырту»; «Цифрлық трансформация және жастар»; «Жасыл ел»; «Зияткерлік және креативті қоғам»; «Дені сау ұлт». Белгілі сарапшылар Ақерке Берлібай, Марат Шәкен, Темірлан Қайыржанов, Зульфия Сүлейменова, Мәдина Нұрғалиева және т.б. өз білімдерімен, тәжірибелерімен бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, кеше еліміздің барлық өңірінде «AMANAT» жастар қанатының облыстық филиалдарының конференциялары өтіп, оның қорытындысы бойынша кезектен тыс VI Съезге 350 делегат сайланды. Ол 11-14 шілде аралығында өтеді.

Бақыт Қыдырбаев

Шымкент қаласы мәслихатындағы

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*