2018-жылы Шымкенттен Еуро-4, Еуро-5 стандарттарына сай жанармай шығарылмақ

Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғыртудың бірінші кезеңі аяқталса, елімізде Еуро-4, Еуро-5 стандарттарына сай жанармай мен дизель отыны шығарыла

бастайды. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозынбаевтың өңірімізге іс-сапары барысында айтылған болатын.

«ПетроҚазақстан» мұнай өңдеу зауыты облысымыздағы ең ірі салық төлеуші кәсіпорынның біріне айналып отыр. Аталған кәсіпорында жергілікті жұмысшылардың үлесі көбірек болуы керек. Яғни жергілікті мамандарды жұмыспен қамту мақсатында қажетті кәсіптік-техникалық  мамандарды даярлау мәселесіне көңіл бөлуге кеңес берер едім. Ол үшін облыс орталығындағы кәсіптік техникалық мамандандырылған колледжді өз қамқорлықтарыңызға алып, жұмыс жасағандарыңыз дұрыс. Сондай-ақ жергілікті жұмысшыларды тәжірибе алмасу мақсатында шетелге жіберу ісін жолға қойған абзал», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Мұнан соң Энергетика министрі Қанат Бозымбаев бастаған жұмысшы топ «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2015 жылы пайдалануға берілген Шымкент қаласындағы 160 гкал/сағ. болатын қазандықты аралап көрді. Қазандық бүгінде әкімшілік іскерлік орталығындағы 38 көпқабатты тұрғын үйді және 6 әкімшілік ғимаратты жылумен қамтамасыз етіп отыр. 2015 жылы пайдалануға берілген қазандық газбен жылытылады. Нысанның құрылысына 3,4 млрд теңге жұмсалған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*