Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары мен қала, кент, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдер мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің, «ҚазСуШар» мекемесінің басшылары қатысты.
Күн тәртібінде бекітілген шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік шаралары және өрт қауіпсіздігінің алдын алу шаралары туралы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Досан Жамединов, аудандағы инвестициялық жобалардың орындалуы туралы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Данияр Толыбаев баяндама жасап, мәжіліске қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Орын алған олқылықтар мен кемшіліктердің шешілу жолдарын талқылады.
Сонымен қатар, мәжіліс барысында аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұртас Тұрсынбеков егістік алқаптардағы су үнемдеу технологиясын ендіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, жазғы вегетациялық кезеңдегі ағын судың мәселесі мен 210 дана тік дренажды ұңғымалардың құрылысы туралы, ал, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Берік Мамбетов тұрғындар мен бюджеттік мекемелердің жылыту маусымына дайындықтары туралы және қала, кент, ауылдық округтерді абаттандыру, көгалдандыру, тазалық жұмыстары жайлы айтып өтті.
Жиын соңында аудан басшысы күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша атқарылар жұмыстардың сапасын арттыруды тапсырып, нәтижесін өз бақылауында ұстайтынын ескертті.
Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты дәстүрлі Жолдауын тікелей эфирден тыңдадық. Мемлекет басшысының биылғы «Жаңа экономикалық саясат», «Нақты секторды дамыту», «Ел болашағына арналған […]
Жыл басынан бері тұрғындарға 167 әлеуметтік тұрғын үйдің кілтін табысталған ауданымызда жыл соңына дейін тағы 90 пәтердің кілтін тапсыру жоспарланып отыр. Нақтырақ айтар болсақ, бүгінде Асықата кентінде 3 қабатты 54 пәтерлі, Қазыбек би ауылдық округі […]
Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов Жетісай қаласындағы бірнеше кәсіпкерлік нысандар мен Қазыбек би ауылдық округінде кәсіпкердің жеке қаржысы есебінен құрылысы басталып жатқан 16 пәтерлі тұрғын үйдің, Ж.Ералиев ауылдық округіндегі «Ауыл аманаты» […]
Пікір қалдыру