111 БІРЫҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК АЙЛАНЫС НӨМІРІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

«AMANAT»-тың отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «111 байланыс орталығы» «AMANAT» партиясынан Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне берілген болатын.

Бірыңғай сенім телефоны мемлекеттік шұғыл қызметтер тізбесіндегі 101, 102, 103 нөмірлердің қатарына енгізілді. Бұл азаматтарға құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу арқылы жедел түрде көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында бірыңғай сенім телефонын ұйымдастыру және зорлық-зомбылыққа, қысымға, яғни буллингке тап болғандарға көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеу міндетін қойған еді.

«АМАНАТ 111» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығы төмендегі сұрақтар бойынша жұмыс жасайды.
• Балаларға қауіп төндіретін нысандарды көрсеңіз
• Сізде тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері белгілі болса
• Өмірлік қиын жағдайдағы отбасын білсеңіз
• Егер өзіңізге немесе досыңызға қауіп төніп тұрса
• Егер сізді біреу қорқытса немесе ренжітсе
• Егер сізге көмек керек болса

«111» нөміріне хабарласыңыз!

Қоңырау шалу арқылы өзіңіздің немесе жақындарыңыздың өмірін сақтап қаласыз! Қоңырау шалу тегін!

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*