Құт пен бірліктің бастау көзі болған атаулы облыс алты жылдығын жай бастағалы отырған жоқ. Кәдімгі өзіне ізбасар ретінде Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарын ала келді. Өзінің жүрген жолымен, басқан ізімен, бағындырған белестерімен, түрленген келбетімен үлгі болмаққа ұмтылып-ақ тұр.
Өз ғұмырының көрікті де көңілді төрт көктемін, жазиралы төрт жазын, қоңыр салқын төрт күзін, қаһарлы төрт қысын мәнді де мағыналы өткізіп, күрделі кешулер керуенін талықпай сүйреп, жеңіс тұғырына, биіктікке ұмтылу оңайға түспесе керек. оның да кермек дәмі, қиындықтары мен кедергілері жетерлік. Мәселесеі шексіз екені тіптен анық. Бұл төрт жыл облыс мәртебесін алып түрленуі деп ұғынған ләзім. Өйткені жәдігер шаһардың тарихы тамырлы, есім-сойы мыңжылдықтар қатпарына жасырынғаны һәм жаны мен тәні қазақ үшін қызмет еткені баршаға мәлім.
Пікір қалдыру