Ғалымдардың деректері бойынша жасыл белдеудің екпелері 30 пайызға дейін шаң-тозаңды, сондай-ақ ауадағы көптеген зиянды химиялық заттарды өз бойына сіңіріп, қоршаған ортаны сауықтыруға үлкен әсерін тигізеді. Сондықтан да орман алқаптарын сақтау және оларды көбейту, күтіп-баптау бұл қоршаған ортаға ғана жасалған қамқорлық емес сонымен қатар бұл адамзаттың өзіне жасалған қамқорлық. Қазір Қазақстан экологиялық проблемаларға баса назар аударып, ел аумағында орман қоры мен жасыл белдеулерді ұлғайтуды көздеп отыр. Бұл «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасында да айтылған тапсырма. Ежелден жасыл желегі жайқалған Шымкент қаласы көгалдандыру жұмыстары десе алдына жан салмайтын өңірлердің бірі. Ыстық климатына қарамастан қала тұрғынларына сая болып келе жатқан шаһар алдағы күндері жасыл белдеуі мен орманы қоры ұлғайған кенттің біріне айналмақ.
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» экологиялық тазалық акциясы аясында Әл-Фараби ауданы аумағында сенбілік ұйымдастырылды. Ауқымды сенбілікке белсенді жастар, еріктілер, кәсіпкерлер, аудан тұрғындары, қызметкерлер қатысып, ат салысты. Іс-шара барысында иригациялық жүйелерді, көше бойын, аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілді. Жалпы санитарлық тазалық іс-шарасына 20 арнайы техника, 15-мыңға жуық адам жұмылдырылып, 47 тонна қоқыс шығарылды.
Құрметті аудан тұрғындары!
Табиғаттың тынысын ашып, қоршаған ортаны, тұратын ауламызды шаңынан қағып алатын сенбілік жұмыстарының маңызы зор.
– «Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен тұрғындар ерекше белсенділік танытуда. Қаламыздың тазалығын сақтау – барлық тұрғындардың парызы. Қоршаған ортаны ластауға жол бермей, тұрмыстық мәдениетті ұстануға шақырамыз. Жанға рахат, көңілге шаттық сыйлайтын тазалық шараларына алдағы уақытта да аудан тұрғындары белсене қатысса, нұр үстіне нұр болар еді, – дейді Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Марат Тәжібаев.
Қаламыздың тазалығын сақтау – барлық тұрғындардың парызы. Қоршаған ортаны ластауға жол бермей, тұрмыстық мәдениетті ұстануға шақырамыз!Табиғаттың сақталуы – келешек ұрпақтың қолында. Ал, жасыл орманның пайдалы қасиеттері айтпаса да белгілі. Сондықтан, Шымкент шаһарын жасыл желектендіру мақсатында жыл сайын елді мекендердің көшелері мен аулаларына ағаштар отырғызылып келеді. Бұл игі бастама алдағы уақытта да жалғасын таба бермек. Орман күзету, қорғау шаралары ешуақытта тоқтамақ емес. Қоршаған ортаны қорғау – ортақ міндетіміз.
«Ұстаз – ол балаға білім нәрін себетін, ақылын айтып, ілім үйрететін асыл жан. Ұстаздан аларымыз, үйренеріміз көп. Ұстаздың сөзін ұғыну – біздің міндетіміз. Абай атамыз айтқандай, «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, ұстаздың еңбегін бағалай […]
Шымкентте экологиялық шара “Киелі мекен” тақырыбы аясында өтіп жатыр. Акция барысында үшінші мегаполистегі тарихи орындар тазартылды. Шараға қаладағы 5 ауданға қарасты коммуналдық мекеме қызметкерлері мен Жастар ресурстық орталығының белсенділері атсалысты. Олар Қаратау ауданына қарасты Сайрам […]
Әлемдік пандемияға байланысты елімізде жарияланған төтенше жағдай кезеңінде Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты халықты жұмыспен қамту орталығы 2020 жылдың 26 наурызынан бастап қызметтерді онлайн көрсетіп келеді. Мәселен, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 17 679 отбасыға, […]
Пікір қалдыру