Шардаралық жеңімпаздар марапатталды

Бүгінгі таңда Шардара ауданында волейбол спорты да дамып келеді. Әсіресе, жасөспірім қыздардан құралған аудан командасы соңғы жылдары облыс көлемінде көш бастаушы командаға айналды. Мәселен, 2016 жылы шардаралық волейболшы қыздар облыс чемпионатының, облыс кубогының және облыс спартакиадасының қатарынан жеңімпазы атанды.

Биылғы жылы өткен Оңтүстік Қазақстан облысының чемпионатында да Шардара ауданының волейболшы қыздарына қарсылас шақ келмей, жеңіс тұғырына көтерілді. Жуырда ғана Бәйдібек ауданында ұйымдастырылған 2001-2002 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында Оңтүстік қазақстан облысының аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері арасындағы VІІІ спартакиадада бас бәйгені шардаралықтар еншілеп келгенін алақайлап жаздық.


Мереке қарсаңында осынау жеңімпаз волейболшыларға арнайы сый-құрмет көрсетілді. Аудандық орталық стадионда өткен салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Бақтыбай Әліпов жасөспірім қыздарымыздың волейбол спорты бойынша облыста алдыңғы орыннан көрініп жүргенін мақтанышпен атап өтіп, оларға аудан әкімі Б.Қыстауовтың атынан «Алғыс хаттар» мен сый-сияпаттар табыс етті. Волейболшы қыздардың осындай жетістікке жетуіне айрықша еңбек сіңіріп жүрген Нұрғали Айнабеков, Еркін Қалдаров, Ербол Сәкиев сынды бапкерлеріне көптің алдында марапаттар табыс етілді. Сонымен бірге, құрама команданың ойыншылары Балнұр Әбибулла, Маржан Базарбай, Айгүл Әмірбекова, Құрбанкүл Тазабек, Толғанай Асқар, Әдемі Кемал, Ұлбала Әлихан, Мейрамкүл Ердеш, Әйгерім Ермек, Аида Дәуір, Кәмила Қуаныш, Эльвира Сәбит есімді жасөспірім қыздардың жетісіктері аталып, оларға сый-құрметтер көрсетілді.
«Шардараспорт-ақпарат».

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*