Түркістанда өндірілген ұн мен ет өнімдері көрші облыстарға жіберіле бастады

Түркістандық «Яссы нан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі көрші облыстарды да ұн өнімдерімен қамти бастады. Тәулігіне 20 тонна нан өнімдерін өндіретін кәсіпорында бүгінде 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Серіктестік жұмысымен арнайы танысқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев келешекте өнім көлемін одан әрі арттырып, негізгі қуаттылыққа жетуді жүктеді.      

 Ұн өнімдерінің 15 түрін дайындайтын зауыт 2016 жылдың ақпан айында іске қосылған. Жобаның құны — 200 ммиллион теңгені құрап отыр. Өніріс орны былтыр  287654 мың теңгенің өнімін өндіріп өз алдарына қойған мақтсатты артығымен орындаған.  Сондай-ақ бұл зауытта ет өнімдерінен шұжықтың 8 түрі өндіріліп жатыр.  Ол үшін зауыт арнайы мал бордақылайтын алаңын құрыпты.

«Қазіргі таңда зауыт тоқтаусыз жұмыс істеп тұр. Өнімдерімізге сұраныс мол. Негізінен  Түркістан қаласы мен көрші Қызылорда облысының бірқатар аудандарын ұн өнімдерімен қамтып отырмыз», — деді «Яссы нан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Насиба Атаева.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*