Шардаралықтар шарапатты тірліктен бастады

Шымкент қаласында Шардара ауданының «Туған жер – алтын бесігім!» атты облыстық фестивалі басталды. Ораза айтының бірінші күніне тура келгендіктен шардаралықтар іс-шараны қайырымдылық шарасынан бастағанды жөн көрді. Таң азанымен Шымкент қалалық Абдулхамит Қаттани мешітінде айт намазы оқылып болған соң Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бақтыбай Әліпов көмекке мұқтаж 50 азаматқа азық-түлік себеттерін табыстады.-Бүгін біздің Шардара ауданы «Туған жер – алтын бесігім» атты фестиваль аясында он түрлі іс-шара өткізіп, Шымкент қаласының тұрғындарына шағалалы өңірдің рухани-мәдени өмірін, экономикалық-әлеуметтік жетістіктерін таныстырады. Бұл шара Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы бойынша ұйымдастырылып отыр. Осынау үлкен іс-шарамыздың басын сіздерге айттық беруден бастағымыз келді. Айттарыңыз қабыл болсын, — деп Бақтыбай Қиянбекұлы құттықтау сөз сөйледі.
Б.Әліповпен бірге қала әкімі Н.Сапаров, аудандық жұмыспен қамту дәне әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ж.Тұрлыбеков іс-шараға қатысып, тұрғындарға азық-түлік себеттерін тапсырды. Шардаралықтардан айттық алған қала тұрғындары осынау іске ризалықтарын білдірісті. 83 жастағы қария Райхан Баймұқашева сауапты тірлік жасаған азаматтарға ақ батасын берді.
Абдулхамит Қаттани мешітінің найб-имамы Қазыбек Сарыбаев шардаралықтардың қайырымдылық шарасына ниет қабыл болсын айта отырып, мешіт ішінде құран оқыды.

Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*