Отырарлық кәсіпкер 6 жылдан бері шұбатты өңдеп жатыр

Бүгінде елімізде түйе өсіріп, шұбат өңдеу үрдісі кең етек алған. Стандартқа сай экологиялық таза өнім өндіру бәсекеге қабілеттілікті арттырады. Ал бәсеке болған жерде сапа болары анық. Солардың бірі Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы, Шілік ауылындағы «Гүлмайра» шаруа қожалығы 2003 жылы іргесі қаланып, жұмысын бастаған. 2011 жылы Шұбат өңдейтін арнайы цех салды. Қожалық иесі Мұстафин Оразәлі Күнгей.кз сайтының тілшісіне сұхбат берді.Кәсіпкерлікке қалай келдіңіз?

1990 жылдардан кейін төрт –түлікке деген қызығушылығым артып, оның ішңнде түйеге ерекше көңілім ауа бастады. Себебі түйемен кез келген адам айналыса бермейді. Өзі ерекше, сүті, еті тіпті жүні де жанға шипа, еміңе дауа болады. Түйеден бөлек жылқы, сиыр, қой секілді малдарымыз да болды. Содан 1995 жылы 5 түйемен бастадым. Өз қаражатымызға алынған түйелерді сауып сүттерін сатып жүрдік. Сол жылдардағы ең басты арманым болды сүйе сүтін пайдасын әлемнің түкпір-түкпіріне танытсам деген. Бертін келе төккен тердің арқасында маң басқан түйелеріміздің саны көбейе бастады. Міне осылай жалғасып кетті.«Гүлмайра» шаруа қожалығын аштыңыздар. Әрмен қарай жұмыс қалай өрбіді?

2003 жылы «Гүлмайра» шаруа қожалығын заңды түрде аштық. Қожалықта төрт-түліктің барлығы болды. Ағарғанға деген, мал етіне деген тапсырыстар да болды. Алайда ойымда сол баяғы шұбат өңдеу. Арнайы цех ашу көптен көкейімде жүрген. Ол мақсатыма 2011 жылы қол жеткіздім. Банкте пайыздық үстемемен несие алып, цехты аштық.

Шұбатты өңдеу қалай жүзеге асады?

Сауыншылар түйені күніне үш мезгіл сауып оны дереу цехқа жеткізеді. Содан оны арнайы филтерден өткізеді. Тазаланып болған шұбатты пісіріп, арнай тексерістен өткіземіз. «Отырар шұбаты» атауымен плассмасса ыдыстарға құйып дайын өнім шығарамыз. Жарамдылық мерзімі 2 айға жететін өнімге бүгінде сұраныс жоғары.

Күніне қанша мөлшерде шұбат өндіресіздер?

Қазіргі күнде 120 бас түйеден күніне 1-1,2 тонна өнім шығарамыз.

Сонда айына 30-40 тонна болғаны ғой. Мұның барлығын қайда өткізесіздер?

Тапсырыс күннен күнге артып келеді. Шымкент, Алматы, Қызылорда секілді облыс орталықтарына өткіземіз. Сонымен қатар, көршілес мемлекеттерден де тапсырыстар келіп тұрады. Мысалы жақында Ресейдің Казань қаласына темір жол торабы арқылы жіберіп жатырмыз. Өңіріміздің көптеген дүкендерінен кездестіруге болады.

Цехтарыңыз қанша адамға жұмыс беріп отыр?

Жалпы қожалықта жұмыс жасайтындар көп. Сауыншылар, техникалық жағынан қызметкерлер, малдың жем-шөбін үздіксіз беріп тұратындар да еңбекақысын алып отырады. Ал цехта ұзын саны 16 қызметкер жұмыс жасайды. Ай сайын еңбекпен тапқан ақысын уақытында алып отырады.

Алдағы жоспарыңызбен бөліссеңіз?

Алда Алла қаласа осы қожалықты одан әрі үлкейту. Мал басын екі есе етіп көбейтіп Еліміздің түкпір –түкпірін «Отырар Шұбатымен» қамтамасыз ету. Қазіргі кезде төрт-түліктеріміздің жем-шөбін өзіміздің егін алқабымыздан алып отырамыз. Алайда ол барлығына жете бермейді. Сырттан қосымша сатып аламыз. Айтпағым сол жем-шөптің барлығын өзіміздің қожалықтан өндірсек деген ой бар. Және де жылқы, сиыр, қой секілді қаралардың санын да көбейтіп мал бордақылау ісін де қолға алмақпыз. Бұл дегеніміз халықты таза, сапалы тауарлармен қамтамасыз етеміз әрі, ауылдағы екі қолға бір күрек таппай жүрген жандарға көмек болары сөзсіз.

Жас кәсіпкерлерге кәсіпті бастамас бұрын неге көбірек мән беру керектігін ағалық кеңес ретінде айтып берсеңіз?

Адам қандай кәсіпті бастағысы келсе де мейлі, мал шаруашылығығ егін болсын, басқа болсын ойы ұшқыр болуы керек. Ұшқыр ойлы кәсіпкердің алдынан нендей кедергілерге төтеп бере алады.

Содан кейін істі ойңа алдың ба тоқтама, тек алға деген ұран ғана жадыңда болуы керек. Айналағдағылардың аяныш сөздері мен пікірлері сені керіге итермелейді.

Бастап отырған ісің өзіңнің жаныңның қалауы болуы тиіс. Тек ақша осында, табыс осында екен деп ба салуға болмайды. Бұл жас кәсіпкердің бастамай жатып сағын сындырады. Әрине, білімді болуы керек. Тәжірибесі бар жандардан кеңес алып тұру да артық емес.

Сұхбатыңызға рахмет!

авторы: Гүлнұр Асқарбекқызы

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*