Сайрамда мемлекеттік қызметшілердің спартакиадасы өтті

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі маусымның 23-інде өткен болатын. Жақында осы мерейлі мерекеге орай және «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі мен Астана күніне арналған аудандағы мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада тамаша өтті. Мемлекет алдындағы міндеттерін абыроймен арқалап жүрген азаматтар спорттың 4 түрінен сынға түсті. «Қайрат» спорт кешенінде өткен спартакиаданы аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырды.Сайысқа қатысушылардың дені кіші футболдан, ой жүйріктері шахматтан, ебі барлар үстел теннисінен, білектілдер арқан тартудан бақ сынады. Спартакиаданың ашылуында сөз алған аудан әкімінің орынбасары М.Оразалиев жұртшылықты мерекемен құттықтап, бәйгеге қосылған 8 командаға сәттілік тіледі. 4 сағатқа созылған сайыстың қорытындысы бойынша кіші футболдан аудан әкімінің аппараты бас жүлдені жеңіп алды. Ал, жүлделі ІІ орынды экономика және қаржы, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, мәдениет және тілдерді дамыту, ішкі саясат бөлімдерінен құралған команда иеленсе, ІІІ орын Қарабұлақ және Арыс ауылдық округтеріне бұйырды және спорттың осы түрі бойынша үздіктер анықталды. Атап айтсақ, үздік қақпашы – М.Абдрайымов, үздік қорғаушы Е.Тойшиев болса, шабуылшылардың ішіндегі үздігі болып Б.Жұмабаев танылды. Қыздар арасындағы үстел теннисінен ақсукенттік Н.Убайдуллаева І орынды иеленсе, ІІ орын спорт бөліміндегі А.Бекбосыноваға бұйырды. Ал, ІІІ орынға ақсукенттік ару З.Смайлова жайғасты. Жігіттер арасындағы үстел теннисінен І орынды көлкенттік Т.Ешимов, ІІ орынды қарабұлақтық Д.Усманов, ІІІ орынды әлеуметтік қызметкер А.Ташметов иеленді. Шахматтан қыздар арасында өткен сайыста І орын – П.Утегенова, ІІ орын – Н.Исмаилова, ІІІ орын – Г.Салимоваға бұйырды.

Ең қызығы, бұл сайыста жүлделі орын алғандардың барлығы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сұлулары. Ал, ерлер арасындағы шахматтан І орынды Ғ.Медетбеков (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің маманы) алса, ІІ орын арыстық П.Хайдарбеков, ІІІ орын Қарабұлақ ауылдық әкімдігінен келген А.Парпиевке бұйырды. Ой жүйріктігін сынайтын сайыстан соң қара күшті қажет ететін спорттың бір түрі – арқан тарту. Бұл сайыста Қарабұлақ пен Арыс ауылдық округінің жігіттері басым түсті. ІІ орын Ақсукент, Қарасу, Жібек жолы ауылдық округтерінен құралған командаға бұйырса, жүлделі ІІІ орынды экономика және қаржы, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, мәдениет және тілдері дамыту, ішкі саясат бөлімдерінің құрама командасы иеленді. Сайыста белсенділік танытып, жүлделі орындардан көрінген барлық командалар мен қатысушыларға аудан әкімінің Алғыс хаты және арнайы медаль табысталды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*