ОҚО әкімі: Өңірдің дамуына сыртқы инвестицияның қосар үлесі зор болуы керек

Оңтүстік Қазақстан облысының дамуына сыртқы инвестицияның қосар үлесі зор болуы керек. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін аудан әкімдері кәсіпкерлер мен инвесторларға барлық тиісті жағдайларды жасауға міндетті. Сонымен қатар, жыл соңына дейін аяқталуы тиіс құрылыс нысандарындағы жұмыстарды жылдамдатып, сапалы әрі мерзімді аяқтауға қол жеткізу қажет. Бүгін бұл туралы облыстық әкімдікте өткен селекторлық отырыста Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.Бұдан бөлек, селекторлық отырыстың күн тәртібінде негізгі үш мәселе қаралғанын айта кеткен жөн. Оның алғашқысы  Оңтүстік Қазақстан облысының 2016-2020 жылдарға арналған «Даму» бағдарламасы индикаторларының 6 айлық орындалуы болды. 

 «Облысқа 180,6 млрд. теңге инвестиция бағытталып, 2016 жылдың тиісті кезеңінен 33 пайызға артты. Инвестиция көлемінің ұлғаюы Мұнай өндіру зауытының жаңғырту жұмыстарының есебінен орын алып отыр.  Бұл көрсеткіш республика бойынша   1- орында», — деді  облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*